Мектеп оқушыларына арналған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – жалпы білім беретін мекемелер оқушыларының зияткерлік және тұлғалық дамуы, олардың тарихты зерделеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, отандық тарих, туған жер, отбасы тарихы бойынша құжаттық деректерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.
Конкурсқа жалпы білім беру мекемелерінен ниет білдірген 8–11 сынып оқушыларының барлығы қатыса алады. 6–7 сынып оқушылары ұжымдық жұмысты ұсыну апрқылы қатысуына болады.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін Конкурс комиссиясы құрылады. Конкурс комиссиясы жолданған жұмыстарды бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конкурсты ұйымдастыру және оған қатысу шарттары берілген Конкурс туралы ереже қоса беріліп отыр, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында орналастырылған: http://archive.president.kz/ru/.
Оқу-зерттеу жұмыстарын umc.aprk@gmail.com электрондық поштасына 2022 жылғы 1 қазанға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Конкурс жеңімпаздарын жариялау және марапаттау 2022 жылғы
19–21 қазан аралығында Алматы қаласында өтетін «Ашық қоғамға – ашық Архив» Қазақстан архившілерінің I Конгрессі барысында ұйымдастырылады.

Анықтама үшін телефондар: +7 (727) 264 69 07, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.


«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің орта білім беру мекемелерінің оқытушылары және оқушыларымен өзара әрекеттестігіне бағытталған мәдени-танымдық жоба болып табылады.
Конкурстың мақсаты:
1) жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының зияткерлік және тұлғалық дамуы, олардың тарихты және онымен сабақтас оқу пәндерін зерттеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін қалыптасқан ғылыми білімді дамытудың дәстүрлері мен ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы даму тенденциялары сәйкес меңгеруі;
2) жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, отандық тарих, туған жер, өздерінің отбасы тарихы бойынша құжаттық деректерді зерттеу мен сақтауға тарту;
3) отандық архивтердің қызметін азаматтық қоғамды қалыптастыруда ғылыми-ағарту жұмыстарына қатысу арқылы ұйымдастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін ғылыми-зерттеу қызметі, мәдени-патриоттық мәселелерді зерделеу негізінде қалыптастыру.
Конкурстың міндеттері:
1) оқушылардың тарихи құбылыстар мен процестерді тануға деген шығармашылық қызығушылығын құжаттық деректер, музей жәдігерлері, ғылыми және оқу әдебиеттері, заманауи телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер негізінде ынталандыру;
2) тарих, архив ісі және іс қағаздарын жүргізу саласында оқуын жалғастыруға ынталы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
3) Қазақстанның тарихы-құжаттық мұрасын зерделеу негiзiнде патриоттық тәрбие беруді дамыту;
4) жастардың бос уақытын шығармашылдық мақсатта пайдалануға деген ынтасын, шығармашылдық пен ғылыми қызметке деген құштарлығын ояту; архивтік жинақтарды және музей қорларын, жеке және отбасылық архивтерді қалыптастыру және толықтыру ниеттерін ояту;
5) ізгілік, парасаттылық, сұлулық, адамгершілік, татулық, еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік, әділеттілік ұғымдарына негізделген жастардың дүниетанымын қалыптастыру, шынайы құндылықтарды ойдан шығарылған құндылықтардан ажырата білу.
Конкурста архивтік құжаттарды және басқа да тарихи деректерді пайдалану негізінде дайындалған орта білім беру мекемелері оқушыларының оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында оқушы зерттеудің пәндік-тақырыптық саласының тарихымен және қазіргі жағдайымен танысады, өзіндік мәліметтер алады, алынған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, Конкурсты өткізу ережесіне сәйкес зерттеу нәтижелерін ресімдейді.

2. Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары

Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві болып табылады; Конкурстың тең құрылтайшысы ретінде жергілікті атқарушы органдар, ғылыми-зерттеу, білім беру және архив мекемелері қатыса алады.
Жұмыстар оқушылар және олардың оқытушылары, сонымен қатар жеке бастамалық негізде қабылданады.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін Қонкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия жолданған жұмыстармен танысып, жеңімпаздарды анықтайды.

3. Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа жалпы білім беру мекемелерінен ниет білдірген 8–11 сынып оқушыларының барлығы қатыса алады. 6–7 сынып оқушылары ұжымдық жұмысты ұсыну апрқылы қатысуына болады.

4. Байқаудың тақырыптық мазмұны

Конкурсқа архив құжаттарын, ауызша тарих және ғылыми-зерттеу әдебиеттерін пайдалану негізінде және өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылған тарихи тақырыптағы жұмыстар қабылданады. Презентация түрінде жасалған жұмыстар Конкурсқа қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардағы тарихи зерттеу тақырыбы шектелмейді.

5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.
Конкурсқа жеке зерттеушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар (үш автордан көп емес) қатысады. Екі немесе үш автордың жұмысын ұсынғанда кіріспеде олардың әрқайсысының материалды жинау, өңдеу және сипаттау кезеңдеріне қатысу дәрежесін көрсету қажет.
Оқушының оқу-зерттеу жұмысына мыналар кіреді: титулдық бет, онда мыналар көрсетіледі:
Автор оқитын оқу орнының атауы;
Т.А.Ә., автор(-лар)дың туған жылы, сыныбы;
Жұмыс тақырыбы;
Т.А.Ә. жұмыс жетекшісі мен кеңесшілері (егер болса);
Жұмыс авторы мен ғылыми жетекшілерінің электронды поштасының мекенжайы, телефондары.
Жұмыстар электронды форматта ұсынылады, қаріп өлшемі 14. Жұмыстың көлемі (негізгі мәтін, қосымшасыз және түсіндірмесіз) машинада басылған 15 беттен аспауы керек; қосымшалар – негізгі мәтіннен және ескертулерден кейін 3 парақтан аспайды (барлығы бір файлда). Жұмыс мәтіні және қосымшалар беттері нөмірленуі керек.
Архив құжаттарын зерттеуге негізделмеген жұмыстар қарауға қабылданбайды, сонымен қатар презентация түрінде жасалған жұмыстар да қабылданбайды.
Конкурсты өткізу шарттары, оның ішінде хабарландыру, байқаулық жұмыстарды қабылдау және жеңімпаздарды анықтау мерзімі Конкурсты ұйымдастырушылардың ақпараттық хатында, сондай-ақ http://archive.president.kz/ru сайтында және Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Конкурсты ұйымдастырушылардың электрондық поштасының мекенжайы: umc.aprk@gmail.com.
Байланыс телефондары: +7 (727) 264 69 07, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.

6. Қорытындылау

Қорытындыларды Конкурс комиссиясы шығарады.
Жұмысты бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) жұмыстың құрылымы;
2) тарихнамалық шолудың болуы; пайдаланылған деректер базасының сипаттамасы;
3) зерттеу мақсатына қол жеткізуді көрсететін мақсат, міндеттерді, қорытындыларды тұжырымдау;
4) нақты зерттеу әдістерінің сипаттамасы және оларды қолданудың шығармашылық зертханасы;
5) жұмыс мәтініне сілтемелердің библиографиялық ресімделуі, дереккөздер мен әдебиеттер тізімі;
6) жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы.
Конкурстық комиссия жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
1) тақырыпқа сәйкестігі;
2) тақырыпты, мазмұнды ашудың толықтығы;
3) түпнұсқалық;
4) иллюстрациялық материалдың болуы (фотосуреттер, архивтік және заманауи құжаттардың көшірмелері).
Шығармадағы авторлық мәтіннің үлесі 70% кем болмауы керек. Егер мәтін кез келген дереккөзден, соның ішінде Интернеттен алынған болса, мұндай жұмыс бағаланбайды және Конкурстан шығарылады.
Конкурс лауреаттары мен қатысушыларын марапаттау Қазақстан архившілерінің Конгресі аясында өтеді.