Басшылық

Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры

+7(727) 2645802

Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы

2018 жылдың 23 тамызында Мемлекет басшысының Өкімімен Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды.

Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы 1978 жылы туған.
Білімі жоғары, «Тұран» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 2003 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жинақтау және құжаттама бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, бастығы; 2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы; 2014–2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп басқармасының басшысы; 2015 ж. желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Директордың блогы
Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы, тарих ғылымдарының докторы

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+7(727) 2645802

Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы, тарих ғылымдарының докторы

Ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу бойынша басшылықты қамтамасыз етеді; құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізуді; Архивті толықтыру көздері – мекемелер мен тұлғалардың тізімдерін дайындауды, жүргізуді; Архивтің негізгі қызметі бойынша жиынтық жоспарлы-есептік құжаттаманы жүргізуді; архив қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, технологиялық және архивтік жабдықтарды жарақтандыру мен жаңғыртуға басшылық жасауды қамтамасыз етеді; инженерлік-техникалық коммуникациялардың, күзет және өртке қарсы қауіпсіздіктің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру; тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, шарттардың жобаларын дайындау, конкурстар өткізу кезінде заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің мүлтіксіз сақталуын бақылау; архивтік құжаттарды ғылыми жариялауды ұйымдастыру, құжаттық жинақтарды дайындау және Архивтану, құжаттану, археография бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; Архивтің сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының төрағасы, азаматтық қорғаныс бойынша объект штабының басшысы болып табылады.

Жинақтау және құжаттама басқармасына, Архив қорларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп жүргізуге, құжаттарды ғылыми жариялау; шаруашылық қызметінің жұмысына жетекшілік етеді.

Мұстафина Әлия Құсайынқызы

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+(727) 264-69-07 (вн.103)

Мұстафина Әлия Құсайынқызы

Архивтің ақпараттық-іздестіру жүйесін дамыту және автоматтандырылған технологияларды пайдалану, озық тәжірибені енгізу және архивтің ақпараттық архитектурасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; құжаттарды пайдалануды, азаматтар мен мекемелердің тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындауды ұйымдастыру; архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін дамыту (каталогтар, жолсілтемелер, анықтамалықтар, істер тізімдемелері, тарихи анықтамалар, алғы сөздер, деректемелер) бойынша басшылықты қамтамасыз етеді.); архив ісі бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және ғылыми-анықтамалық әдебиетті (жадынамалар, құралдар, ұсынымдар, нұсқаулықтар және т. б.) дайындау; тарихи-құжаттық мұраны насихаттау, құжаттық көрмелер, мектеп сабақтары, конкурстар, жұртшылықпен кездесулер, Ашық есік күндері, дөңгелек үстелдер мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізу; студенттердің оқу-өндірістік практикасын, мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің тағылымдамасы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми, қоғамдық ұйымдармен, оқу орындарымен ынтымақтастық орнату; Архивтің халықаралық ынтымақтастығын дамыту, Қазақстан Республикасының, шет елдердің архив мекемелерімен, Халықаралық архив ұйымдарымен байланыс орнату.

Архивтік технологиялар, Ақпараттық-әдістемелік жұмыс, Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармаларына жетекшілік етеді.

Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлы

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+7(717) 2745859

Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлы

Ұлттық архив қорының құжаттарын ведомстволық архивтерде құжаттау мен сақтаудың жай-күйіне басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етеді; Архивтің толықтыру көздері болып табылатын мекемелермен жұмысты ұйымдастырады; бірлескен іс-шаралар жоспарын жасайды; мекемелерде жалпы және құпия іс жүргізу мен архивтік сақтаудың жай-күйіне, істерді ведомстволық архивтерден мемлекеттік сақтауға беруге тексеру жүргізеді; архив ісі мен іс жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттарды, тұрақты сақталатын істер тізімдемелерін, құжаттарды жоюға бөлу туралы; Архивтің толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.