04.04.2024

Жазғы мектеп туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлестікте 2024 жылдың 12–14 маусым аралығында Алматы қаласында VII Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебін өткізеді. Биылғы жылы Жазғы мектеп цифрлық трансформация жағдайында архивтерді жинақтаудың өзекті мәселелеріне арналған. Жазғы мектеп офлайн форматта өтеді, бағдарламаға отандық және шетелдік ғалымдардың, сарапшылар мен тәжірибешіл мамандардың архив қорын, оның ішінде электрондық құжаттармен қалыптастыру мәселелері бойынша дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтары енгізілген.

Жазғы мектепке қатысуға архив мекемелерінің жас мамандары, архив ісі және құжаттану саласында мамандырылатын студенттер, магистранттар мен докторанттар шақырылады. Іс-шара нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификаттар беріледі. Ғалымдардың, сарапшылардың және тәжірибешіл мамандардың аталған тақырып бойынша Жазғы мектепке дәріскер ретінде қатысу туралы өтінімдері құпталады. Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Нысан бойынша толтырылған өтінімдерді 2024 ж. 1 мамырға дейін umc.aprk@gmail.com электрондық пошта мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз.