29.09.2023

Үздік жас архившілер анықталды

2023 жылдың 29 қыркүйегінде V Республикалық Жас архившілер байқауының 3,4-кезеңдері өтті. Үшінші кезеңде қатысушылар Ұлытау өңірі жайлы көрініс қойса, төртінші кезеңде «Туған өлкем – тұнған тарих» презентациясы көрсетілді.
Жас архившілер байқауының бас жүлдесін Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің «Сарыарқа» командасы жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды Жетісу облысы мемлекеттік архивінің «Жетісу жұлдыздары», екінші орынды Атырау облысы мемлекеттік архивінің «Атыраулық архившілер» тобы, ал үшінші орынды ҚР Президенті Архивінің «Қыран» командасы иемденді. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Байқаудың ережесі бойынша 2025 жылы дәстүрлі түрде өтетін VI Республикалық Жас архившілер байқауын өткізу құрметі бас жүлделі болған Қарағанды облысы мемлекеттік архивіне тапсырылды.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізілетін байқаудың мақсаты – жас мамандардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, кәсіби біліктілігін арттыруға негіз болды және әріптестермен танысып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы жас архившілердің V Республикалық байқауын ұйымдастырушы – Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ мен «Ұлытау облысының мемлекеттік архиві» КММ.