03.05.2024

Қытай Халық Республикасынан келген әріптестермен кездесу өтті

2024 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Чэнду қ. (Сычуань провинциясы) мемлекеттік архивінің директоры Лю И-дің және құжаттарды сақтау бөлімінің басшысы Фанг ПУ-дың Архив директоры Ә.Қ. Мұстафинаның кездесуі өтті. Чэнду қаласы – Сычуань провинциясының мәдени және тарихи орталығы, сонымен қатар Батыс Қытайдың көлік-логистикалық орталығы болып саналады. Чэнду қаласының архиві Қытайдың 20 ірі архивінің бірі және ондағы ең көне құжат 1774 жылға тиесілі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық және кәсіби жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды.

Архив директоры қытайлық әріптестерін осы жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан архившілерінің II Конгресіне қатысуға шақырды. Сондай-ақ директор ҚР Президентінің Архиві «Жаңа Архив» ғылыми-әдістемелік журналын шығаратынын айта келе, Чэнду қаласындағы әріптестер аталмыш журналда ғылыми мақалаларын жариялауға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы меморандум дайындауға уағдаластықты. Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, Архивтің оқу залының жұмысы, архив құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді.