02.12.2021

«Елбасы жолы» патриотизм сабағы

2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Президент Архивінде Алматы қаласы Спорт басқармасының Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты оқушылырына «Елбасы жолы» патриоттық сабағы өтті. Сабақта Президент Архивінде сақтаудағы құжаттық деректерге сүйене отырып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі туралы айтылды.

Шараға қатысушылар «Елбасы жолы» тарихи-құжаттық және кітап көрмесімен танысты. Көрмеге қойылған архив құжаттарының көпшілігі «Путь Лидера. Астана» (Казахфильм, 2018) фильмін дайындау барысында пайдаланылған.