Цифрландыру жұмысының жылдық қорытындысы

31.12.2020

Цифрландыру жұмысының жылдық қорытындысы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві архивтік құжаттарды цифрландырудың сапалық және сандық көрсеткіштерін көтеру мақсатында 2016 жылдан бастап қызметкерлерінің арасында конкурстық жүйе енгізген болатын.
Соңғы 5 жыл ішінде біз осы салада үздік болу үшін қызықты жарыстың куәсі болдық. Нәтижелер қызметкерлердің тоқсандық және жылдық жұмысының бағалауын құрып отырды.
2020 жыл бойынша жоғары нәтиже көрсеткен бірнеше қызметкер жеңімпаз атанды. Ол бас сарапшылар Мырзақұлова Р.М. және Дүйсенова Г.Н., сондай-ақ архившілер Мұхтарова А.М. және Байымбетов И.Р.
Архив басшылығы мен кәсіподақ ұйымының атынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.