17.06.2021

ТМД елдері жас архившілерінің IV жазғы мектебі

21-23 маусым 2021 ж.
Алматы қ-сы

Жас архившілердің Жазғы мектебі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінің архив мекемелерінің мамандары үшін жаңа заманауи форматтағы кәсіби білім алатын алаң болып табылады.
Жазғы мектеп 2021 жылдың 21–23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің базасында өтеді. Жас архившілер форумының жұмысына Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан және Ресейдің жас мамандары қатысады. Жазғы мектеп қатысушылары үшін Польша, Ресей, Финляндия және Қазақстанның архив ісі бойынша жетекші мамандары дәріс оқиды.
Іс-шара бағдарламасына пікірсайыс-талқылаулар, шеберлік сағаттары, іскерлік ойындар, тұсаукесер рәсімдері енгізілген.
Архивтерді электрондық форматқа көшіру, электрондық құжаттардың сақталуы, күнделікті архив қызметінде заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілуі мен пайдаланылуы мәселелеріне баса назар қойылады.

2021 жылдың 21 маусымында сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен, GMT +6) Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ТМД елдері жас архившілерінің IV жазғы мектебінің ресми ашылу рәсімі өтеді. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығы, Беларусь, Қазақстан мен Ресей архив мекемелерінің басшылары қатысады.

Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Уақыты: 21-23 маусым 2021 ж.

Анықтама телефондары:
+7 727 264-69-07, +7 727 264-26-75, +7 701 749 5054, +7 707 123 3446