Студенттерге арналған дәріс

03.09.2020

Студенттерге арналған дәріс

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шаралардың аясында 2020 жылдың 14 қыркүйегінде Халықаралық Бизнес (UIB) университетінің студенттеріне «Абай және ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті архив құжаттарында» атты тақырыпта дәріс өткізілді. Сабақты Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы Ботогөз Бейсенбекқызы жүргізді. Дәріс онлайн форматта ұйымдастырылды. Дәріс барысында Ұлы ақынның шығармашылық мұрасының жалпы қазақ мәдениеті үшін және ең алдымен әдебиет үшін маңызы архив құжаттарының негізінде баяндалды. Қазіргі кездегі білім беру саласындағы талаптар мен ережелерді ақынның еңбектерімен салыстыру негізінде Абайдың педагогикалық идеяларының мемлекеттің білім беру жүйесіне ықпалы туралы да айтылды.

Дәріс соңында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған архив құжаттары негізінде дайындалған «Абай және ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті архив құжаттарында» атты тарихи-құжаттық көрмеге шолу жасалды. Көрме материалдарымен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында танысуға болады ( http://archive.president.kz/ru/predislovie-k-internet-vystavke/.)