13.05.2022

«Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» ақпараттық жүйесін жетілдіру

2022 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі Н.Т. Төлеев «Бірыңғай электронды құжаттар архиві» (БЭҚА) ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмыс кеңесі өткізді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің басшылары мен жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің, «ҰАТ» АҚ және «InesSoft» ЖШС басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін және оны жинақтау көздерін БЭҚА жүйесіне қосу. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің серверіне БЭҚА АЖ орналастыру мәселелері және жинақтау көздерін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің серверіне қосудың техникалық мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу нәтижесінде барлық мүдделі тараптар үшін міндетті жұмыс түрлері көрсетілген хаттама келісілді.