17.02.2024

Тиімді басқару бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жинақтау көздері ұйымдары үшін тұрақты түрде семинарлар ұйымдастырады, онда әртүрлі әдістемелік құралдарды қолдану арқылы құжаттарды ведомстволық сақтаудың ең өзекті мәселелерімен қатар құжаттамалық қамтамасыз етудің жолдары зерттеледі. 2024 жылғы 16 ақпанда «Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты» ММ қызметкерлеріне іс жүргізу және архив ісі бойынша: «Қазақстан Республикасында архивтік құжаттарды сақтау және құжаттаманы басқару» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысы іскерлік, сындарлы форматта өтті. Семинар барысына лекторлар - Архив қорын қалыптастыру қызметінің басшысы Г.Ж. Мұқажанова және қызметтің жетекші сарапшысы А.А. Ермағамбетованың сөзі Конституциялық Соттың құжаттама қызметімен қатар ведомстволық архивінің тәжірибесінен нақты мысалдармен дәлелденді. Семинар қатысушылары құжаттамалық қамтамасыз етудегі менеджменттің өзекті мәселелерін сонымен қатар құжаттарды дайындау мен қалыптастырудың сыртқы және ішкі процестерін бюрократиясыздандыруды жетілдіруге бағыттылған түрлі жолдарын талқылады.