28.05.2021

Архивтің жинақтау көздері-ұйымдарына арналған семинар

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қаласындағы басқармасы «Ұйымда құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттарды сақтау» тақырыбында, аппарат жетекшісі С.А. Кенжебеков пен ұйымдастыру-кадр жұмыстары тобының директоры Г.П. Акушекова бастаған «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ тобының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Семинар бағдарламасында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ құжаттаманы басқару мәселелері қарастырылды. Семинар пікірталас форматында өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері ісжүргізу және архивтік сақтау бойынша сауалдарға жауап берді.