15.03.2021

Архивте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

2021 жылдың 12 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын-алу. Мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс стандарттары» атты онлайн семинар өткізілді. Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №522 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы», және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын мемлекеттік қызметкерлер арасында насихаттау мақсатында өткізілді. Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ж.Ү. Әбіқадырова мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мекеменің атқарып жатқан жұмысын атап өтті. Архивтің ресми сайтында мемлекеттік қызметшінің жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері орналастырылған. Архивте қызметкерлер үшің, жыл сайын Қазақстан Республикасының заңдарын білу тақырыбында семинарлар мен өндірістік тренингтері өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде Архив тақырыптық деректі фильмдерді көрсету тәжірибесіне көшті.

Архив директорының орынбасары Қ.Ш. Әлімғазинов Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №522 Жарлығымен бекітілген «2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамыту концепциясы» тақырыбында презентация жасады. Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ж. Шайлазымов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы енгізілген жаңа шектеулермен таныстырды. Семинарға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары, Д.Т. Таумұрат және басқарма басшысы Е.Т. Игіліков қатысып, Архив қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды. Қызметкерлер Архив саласындағы жұмыс ерекшеліктеріне байланысты көптеген сұрақтар қойды. Барлық сұрақтар бойынша нақты түсіндірілімдер және жауаптар берілді.