15.01.2024

Оқу залының жұмыс істеу тәртібі туралы ақпарат

Құрметті зерттеушілер! 2024 ж. 19 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты оқу залында қағаз түріндегі істерді беру уақытша тоқтатылады. Зерттеушілердің жұмысы үшін «Электронды архив» бірыңғай ақпараттық-іздестіру жүйесі арқылы істер тек электронды форматта беріледі. Электронды істердің тізімдемесімен ҚР Президенті Архивінің сайтында «Қорлар» бөлімінің «Электронды каталог» бөлімшесінде білуге болады. Оқу залының жұмыс істеу тәртібі туралы ақпаратты archive.president.kz сайтынан біле аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін телефон нөмірі 8-727-264-59-35 (ішкі 154)