23.02.2024

ҚР Президентінің Архивінде сейсмикалық жаттығу өтті

2024 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында ұйымдастырылды. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау жолын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру болып табылады.

Жаттығуда ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаментінің қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадамды алдын ала ойластырып қоюды назарда ұстауды ұсынды. Олар үрейленбеу, жер сілкінісі кезінде лифт және баспалдақты қолданбау, дабыл дорбасын алу сияқты іс-әрекеттер.