11.10.2023

ҚР Президентінің Архиві Конгрестің басты алаңында

2023 жылғы 11 қазанда Конгрестің Бас мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры А. Қ. Мұстафина «Архив жады институты ретінде: әлеуметтік-мәдени контексттер» (Archive as an institution of remembrance: sociocultural contexts) баяндамасын ұсынды. Оны «Үкіметтік архивтер» сессиясының төрағасы, Халықаралық Архивтер Кеңесінің кәсіби архив қауымдастықтары секциясының жетекшісі Анри Зубер мырза (Henri Zuber) таныстырды.

Баяндамада Әлия Құсайынқызы Қазақстандағы архив ісін дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері жайлы көзқарасын білдірді. Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Президенті Архивін дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасы мысалында архивтік жұмысты ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін егжей-тегжейлі айтып берді. Архивтің дәстүрлі қызметін қалай қайта қарауға болады? Бүгінгі таңда тарих сақтаушылардың қандай мақсаттары, міндеттері басымдыққа ие болуы керек? Ақпаратқа қанық қазіргі қоғам қандай ресурстарға қызығушылық танытуы мүмкін? Баяндамада аталмыш сұрақтарды шешу жолдары айтылды. Әлия Құсайынқызы әріптестерін архив жұмысын жетілдірудегі жаңа идеяларға ашық екенін айта келе, ортақ пікірталасқа шақырды.