18.04.2024

Президент Архивінде танымды тарих сабағы өтті

ҚР Президентінің Архивінде академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай тарихи-құжаттық көрменің таныстырылымы жалғасуда. 18 сәуірде Алматы қаласындағы № 48 мектеп-лицейінің оқушылары архив материалдарымен танысты. Көрме бойынша Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметінің басшысы Б.Ә. Қасенов шолу жасады. Оқушылар көрмеге қойылған архив құжаттары арқылы қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметтік жолы жайлы көп мағлұматтар біле алды.

Сонымен қатар академиктің сирек фотосуреттерін, ғылыми материалдарын, ресми және жеке хат алмасуларын көріп, тарихи тұлғаны тануға бір қадам жақындады. Бөлеген Әбікейұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде бұдан өзге қандай тарихи құжаттар сақталатынын айтып берді. Ол балаларды жыл сайын Президент Архиві ұйымдастыратын, Алматы қаласы оқушыларының арасында өткізілетін «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» тақырыбындағы оқу-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысуға шақырды. Байқау туралы толық ақпаратпен Архив сайтында https://archive.president.kz/konkursy/ танысуға болады.