09.02.2024

Оқушылар Архивке келді

ҚР Президенті Архивінде жастарға патриоттық тәрбие беруге, елінің тарихын архив құжаттары негізінде тереңірек оқып-білуге бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылып отырады. Бүгін Архивте Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырылып, архив жұмысы туралы дәріс өтті.

Оқушылар құжаттардың микрофотокөшірмелерімен, аудиовизуалды және электрондық құжаттармен жұмыс жасауға арналған құрылғыларымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар зерттеушілерге арналған оқу залында «Электронды архив» біріңғай ақпараттық-іздеу жүйесімен жұмыс жасау тәртібімен танысып, мамандардан сауалдарына жауап алды. Айта кетейік, кездесу «Ашық есік күндері» аясында ұйымдастырылды.