28.08.2023

Менің Отаным – менің болашағым

28 тамызда ҚР Президенті Архивінде Конституция күніне орай оқушылардың қатысуымен дайындалған «Менің Отаным – менің болашағым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараны ҚР Президент Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина ашып, оқушыларды Конституция күнімен құттықтады. Аталмыш іс-шараның мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беруге, елінің тарихын архив құжаттары негізінде тереңірек оқып-білуге бағытталған. Осы шара негізінде оқушыларға архив құжаттарын пайдалану жөнінде шеберлік сыныбы өткен.

Соның нәтижесінде бүгін Архивте құжаттық көрмені №195 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Әмина Тұрсынжан, № 35 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Адия Сержан, 125 High School мектебінің 11-сынып оқушысы Амира Ильяс таныстырды, ал кітап көрмесі туралы №195 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Махаббат Мұқан баяндап берді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1 курс студенті атанған Таңшолпан Серікбай мен Анэль Даутова халық әні «Ақбаянды» жетіген және рояльда ойнады. Оқушылар Милана Рахманова мен Абылай Шәріпжан Қазақстанның тарихы мен бүгіні жайлы бейнеролик ұсынды. Шара соңында балаларға «Болашақ архивші» сертификаты табысталды.