20.09.2023

Литвалық әріптестер Архив зерттеушілері қатарында

ҚР Президентінің Архивіне Литва Республикасынан әріптестер келді. Делегация құрамында Каунас аймақтық мемлекеттік архивінің директоры Гинтарас Друкус, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Кристина Станисауске және құжаттарды пайдалану бөлімінің аға архивісі Эдита Скиркайте бар. Шетелдік әріптестер Президент Архивіне елі мен отандастары жайлы ақпараттарды архив құжаттарынан тауып, зерттеу мақсатында келген. Каунас аймақтық мемлекеттік архивінің директоры Гинтарас Друкуспен кездесу кезінде ол Литва Республикасындағы архив саласы мен өзі басқарып отырған архив қызметіне жайлы толықтай айтып берді. Атылмыш архив XIII ғасырдан бастап 1918 жылы Литваның тәуелсіздік жарияланғанға дейін тарихтағы маңызды құжаттар қоймасы екенін айта келе, бүгінде архив қорында 1 млн 800 мың іс сақтауда екенін жеткізді.

Сонымен қатар архивте Литваның танымал тұлғаларының, отбасыларының тарихын, елдің саяси және мәдени өміріне атсалысқан азаматтардың қызмет тарихы жинақталған құжаттар қоры да қамтылғанын атап өтті. ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Ж.Ү. Әбдіқадырова Архив 1918 жылдан бастап еліміздің саяси тарихының құжаттарын және саяси тұлғалардың жеке тектік қорын жинақтап, сақтайтынын жеткізді. Сонымен қатар ол Архив жүзеге асырып отырған халықаралық, республикалық деңгейдегі шаралар туралы атап өтті. Ал аға ғылыми қызметкер Е.В. Чиликова Президент Архивіндегі құжаттарда литвалықтар туралы ақпараттар кездесетінін айтып, жөн сілтеді. Шетелдік әріптестерге арнайы экскурссия ұйымдастарылып, архивтік құжаттарды цифрлау және қалпына келтіру қызметтері мен оқу залының жұмысы таныстырды.