12.03.2024

Мажарстанның дипломаты Архивке келді

12 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне Мажарстанның Алматыдағы Бас консулдығынан консул Петер Имре Шиклош пен жұбайы Анна Шиклош Костриц келді.

Кездесу барысында Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина мен П. Шиклош мырза екі елдің архив тәжірибелері жайлы сөйлесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Мажарстандағы архив мекемелері арасындағы болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әлия Құсайынқызы мажарстандық әріптестерін 2024 жылғы 1-4 қазанда Алматы қаласында өтетін «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресіне қатысуға шақырды.

Кездесу соңында қонақтарға Архивтің оқу залы мен кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.