12.10.2023

Конгресс алаңындағы шетелдік архив мекемелерінің басшыларымен кездесулер

2023 жылғы 9-13 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Халықаралық архивтер кеңесінің «Білім қоғамдарын байыту» (Enriching Knowledge Societies) тақырыбындағы Конгресі өтті. Конгреске 130 елден 5000-нан аса архив саласының мамандары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің делегациясы да бар: директор А.Қ. Мұстафина, қызмет басшылары М.Т. Жылгелдинов, Қ.М. Қабарова және Б.Ж. Шайлазымов. ҚР Президент Архивінің делегациясы Халықаралық архивтер кеңесінің президенті Жозе Кирпс (Josée Kirps) және атқарушы директоры Карлос Серрано Васкезпен (Carlos Serrano Vásquez) кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Халықаралық архивтер кеңесінің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. ҚР Президентінің Архиві әлемнің 195 елін архив саласында біріктіріп отырған Халықаралық архивтер кеңесінің ресми мүшесі. Кездесу соңында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Халықаралық архивтер кеңесі арасындағы ынтымақтастық белгіленді.

Сонымен қатар Конгресс алаңында ҚР Президенті Архивінің делегациясының шетелдік архив мекемелерінің басшыларымен кездесулері өтті. Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтерінің бас директоры Абдулла Маджид Әл-Әли мырза (Abdulla Majid Al Ali), Ұлыбритания Ұлттық архивінің директоры Джефф Джеймс (Jeff James), Қытай архив қызметінің басшысы – Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік архив басқармасының бастығы Ван Шао Чжун (Wang Shao Zhong), Эстония Ұлттық архивінің ұлттық архивариус орынбасары Тойво Юллинен (Toivo Jullinen), Сингапур Ұлттық архивінің директоры Джулия Чи Инь Пэн (Julia Chee Yin Peng), Польша Ұлттық архивинің директоры Павел Петржик (Pavel Pietrzyk), Грузия Ұлттық архивінің бас директоры Теона Иашвили (Teona Iashvili), Литва Мемлекеттік Жаңа архивінің директоры Дануте Контримавичене (Danutė Kontrimavičienė), Өзбекстанның «Узархив» агенттігінің директоры Улугбек Юсупов (Ulugbek Yusupov) сынды әріптестермен кездесті. Кездесулер кезінде ҚР Президенті Архивінің директоры Ә. Қ. Мұстафина Архивтің қызметіне тоқталып, оның бірнеше халықаралық жобаларға бастамашы болғанын атап өтті. 2017 жылдан бері Халықаралық жас архившілердің жазғы мектебі өткізілетін, қазіргі уақытта «Ашық қоғамға – ашық Архив» 2-ші архившілер Конгресіне дайындық басталғанын жеткізді. Әлия Құсайынқызы шетелдік әріптестерді 2024 жылы өтетін форумға қатысуға шақырды.