16.10.2023

Тарих сақшылары Санкт-Петербургте бас қосты

2023 жылғы 10-14 қазан аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен Ресей ғылым академиясының 300 жылдығына арналған ІII Архив съезді өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Ресей тарихшы-архивистер қоғамы мен Федералдық архив агенттігі (Росархив). Съездге Ресей Федерациясының архив ісін басқару органдарының өкілдері, тарихшылар, архив мекемелерінің, музейлер мен кітапханалардың қызметкерлері қатысты. Іс-шараға қатысқан ғалымдар баяндамаларында архив пен мекемелердің өзара байланысындағы өзекті мәселелер, құжат айналымына жаңа дереккөздерді енгізу, цифрлық дәуірдегі архивтік құжаттарды сақтау және қолжетімді ету мәселелері, сондай-ақ тарихшылар мен архившілерді дайындаудағы тәжірибелер секілді тақырыптарды қамтыды. Пленарлық отырыс мемлекеттік және жеке архив ісін дамытуға арналды. Съезд аясында «Архив ісі саласындағы облыстық билік органдарының жанындағы қоғамдық кеңестер», «Қазіргі білім беру жүйесінде архив ісін оқыту», «Ресей және шетелдік архивтік құжаттарындағы еуропалық славянтану», «Дөңгелек үстелдер» өткізілді. «Екінші дүниежүзілік соғыс: тарихы, құжаттары, жады», «Ленинградтың объективті ортасы. Музей және архив. Мәтін және контекст», «Архивтік мерзімді басылымдар», «Архив-музей-кітапхананың өзара әрекеттестігі және даму болашағы», «Құжат тарихи дереккөз ретінде», «Тарихшы еңбегіндегі көрнекі дереккөздер», «Ресей және шетелдік архивтердегі мақта шаруашылығы тарихына қатысты дереккөздер» және осы секілді бірнеше баяндамалар ұсынылып,талқыланды.

Архивтерді ғылыми құжаттармен толықтырудың өзекті мәселелері, олардың сақталуы мен есебін қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру ,ғылыми мекемелердегі архив ісі жүйесі және оларды зерттеулер мен ғылыми-көпшілікке ұсыну мәселелері, сондай-ақ архив мекемелеріне ақпараттық жүйелерді енгізу мәселелері бойынша кластерлік семинарлар өткізілді. Съезде Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Польша, Ресей, Өзбекстан және Черногория елдерінің архившілері мен тарихшылары қатысты, олар 260-тан астам баяндама тыңдады. «Архивтік құжаттарды пайдалану мәселелері: теория және тәжірибе» секциясының модераторы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ш. Әлімғазинов болды. Секция жұмысында жарияланған баяндамасында ол ҚР Президенті Архивінің архивтік құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, құжаттық жинақтарды шығару, арнаулы мемлекеттік архив құжаттарымен жұмыс істеу, сондай-ақ ҚР Президентінің архивінің құжаттарын ғылыми айналымға енгізу жайында айтып өтті. Азаматтардың тарихи танымын қалыптастыру мен кеңейтудегі архив мекемелерінің рөліне, қазіргі археография мен ғылыми танымның өзекті мәселелеріне тоқталды.