06.10.2023

Халықаралық архивтер кеңесінің «Білім қоғамдарын байыту» Конгресі өтеді

АНОНС 9-13 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Халықаралық архивтер кеңесінің «Білім қоғамдарын байыту» (Enriching Knowledge Societies) тақырыбында кезекті Конгресі өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесіне (ХАК) ресми мүшесі болып табылады. Бұл Архив үшін құжаттарды тиімді басқаруға және сақталуын қамтамасыз етуге, оларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесімен танысуға, Халықаралық архивтер кеңесі тарапынан ұйымдастырылған шараларға оның толыққанды мүшесі ретінде қатысуға мүмкіндік береді.

ХАК әлемнің 195 елін біріктіреді. Оның құрамында Қазақстанның да архивтері бар. ХАК – ЮНЕСКО-мен байланыста қызмет атқаратын халықаралық ұйым болып табылады. ХАК Халықаралық архивтер Конгресін төрт жылда бір рет өткізеді. Конгреске 130 елден 5000-нан аса архив саласының мамандары қатысып, 50 архивтің көрмелік алаңдары ұйымдастырылып, ғылыми баяндамалар жасалады. 11 қазанда Конгрессте негізгі баяндамашылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Құсайынқызы Мұстафина қатысады.