23.06.2021

ТМД елдері жас архившілерінің IV жазғы мектебі (2-ші күн)

2021 жылдың 22 маусымында ТМД елдері жас архившілерінің IV жазғы мектебі өз жұмысын жалғастырды.
Бұл күні Финляндия ұлттық архивінің Ресеймен және бұрынғы КСРО елдерімен байланыс және дамыту бағытының басшысы, қоғамдық және саяси ғылымдарының докторы, профессор Д. Фролов «Финляндия Ұлттық архиві: тарих, коллекция, ақпараттық ресурстар, мәліметтер базасы және бұрынғы КСРО елдерінің музейлері және архивтерімен байланыс» тақырыбында дәріс оқыды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Б. Нұрпейісова архивтің басқару саласындағы құжаттарын қамтамасыз ету мәселесіне қатысты дәріс оқыды.
IV жазғы мектептің екінші күнін қорытындылай келе, Бүкілресейлік іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры П. Кюнг «Ресейдегі электрондық құжаттарды басқаруды реттеудің қазіргі үрдістері» туралы дәріс оқыды.

Дәріс барысында тыңдаушылар сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды. Сондай-ақ, лекторлар ақпарат көздерімен бөлісіп, чатта жекелеген интернет-ресурстарға сілтемелер берді.
Сонымен қатар, форумға қатысушыларға Өзбекстан Республикасының архиві, Самарадағы Ресей мемлекеттік архиві және Ресей мемлекеттік тарихи архиві туралы бейнероликтер көрсетілді. Шетелдік әріптестерімізге ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіреміз.