12.02.2024

Тарих және көркем әдебиет

2024 жылғы 8 ақпанда ҚР Президенті Архивінде архив ісінің ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты Елена Михайловна Грибанова қызметкерлерге дәріс өткізді. «Тарихи шындық және көркем әдебиет» тақырыбындағы дәрісінде ол Франсуа Рабле, Виктор Гюго және балалар жазушысы Николай Носовтың классикалық шығармалары арқылы тарихи оқиғаларды баяндады.

Е. М. Грибанованың пікірі тыңдаушыларды кітап оқуға, сюжет желісі мен мәтіннің жазылуына әрі кейіпкерлерге мән бере талдауға жетелейді. Ол көркем әдебиетті оқу ой-өрісті кеңейтіп қана қоймай, тереңірек ойлануға миды жаттықтыратын атап өтті. Қазіргі таңда гаджеттерге деген құмарлықтың нәтижесі жақсы аяқталмайтынын жеткізді. Е.М. Грибанова қорытынды сөзінде кітаптарды, соның ішінде классикалық отандық және шетелдік көркем әдебиеттерді оқуға шақырды.