05.04.2024

Іс жүргізу және архив ісі бойынша семинар өтті

2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Президентінің Архиві мен жинақтау көздері ұйымдарының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес іс жүргізу және архив ісі бойынша семинар өтті. Оған «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ, «KAZAKHINVEST» ҰК АҚ, «KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ-ның қызметкерлері қатысты. Семинарды Архив қорын қалыптастыру қызметінің қызметкерлері Қ.М. Мырзабекова, Г.У. Құдайбергенова өткізді. Олар құжаттарды жасауға және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар және құжаттарды іске қалыптастыру, оларды құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке беру шарттары туралы баяндады. Сондай-ақ, істер номенклатурасын әзірлеу процесіне ерекше назар аударылды. Семинардың модераторы «KAZAKHINVEST» ҰК АҚ ұйымдастыру-кадрлық жұмыс тобының директоры Ж.К. Хасенова болды. Семинар соңында тыңдаушылар өздерін қызықтарған сұрақтар қойып, жауаптар алды.