25.05.2023

Финдік әріптестермен кездесу

2023 жылғы 25 мамырда ҚР Президентінің Архивіне Финляндиядан әріптестер келді. Делегация құрамында Финляндия Ұлттық архивінің аға инспекторы профессор Д. Фролов, доктор И. Янис-Исокангас және доцент А.Кяхёнен бар. Кездесуде Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина Архивтің қызметі жайлы сөз қозғады. Ол Архив тарапынан жүзеге асырылып отырған халықаралық, республикалық деңгейдегі шаралар туралы атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Қонақтар 1917-1964 жылдардағы Қазақ КСР аумағында финдердің көшірілуіне қатысты құжаттарды зерттеуге келгенін жеткізді. Ынтымақтастық мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Финляндия Ұлттық архивінің 2021 жылғы 1 шілдедегі архив саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру туралы келісімі аясында іске асуда.