08.03.2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық кітапханасында

8 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің делегациясы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық кітапханасына барды. Кітапханаға шведтің мемлекет қайраткері, 1953-1961 жылдары БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған Даг Хаммаршельдтің есімі берілген. Делегация кітапхананың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ жұмыс барысында заманауи технологияларды қолдану, оның ішінде цифрландыру, кітапханалық қорларды меңгеру және қолданушылардың онлайн қолжетімділігі мен іздеу жүйелері туралы ақпараттармен танысып, пікір алмасты.. Біріккен Ұлттар Ұйымы кітапханасының ерекшілігі – жалпы көпшілікке жабық, алайда оқырмандарға кітаптар онлайн ресурстар арқылы қолжетімді. Сондай-ақ көптеген елдерде БҰҰ кітапханасының арнайы өкілдіктері жұмыс істейді, сол арқылы азаматтар қажетті кітап басылымдарын ала алады.