28.04.2023

Басқарудың жаңа мәдениеті



2023 жылғы 28 сәуірде «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясындағы «Басқарудың жаңа мәдениеті» пленарлық сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина қатысып баянадаманы жасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастырған (https://academyconference.apa.kz/kk/main-kz/) халықаралық конференцияға отандық және шетелдік сарапшылар қауымдастығы, ғалымдар, зерттеушілер, сонымен қатар Академияның магистранттары мен докторанттары, мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.