04.12.2020

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жинақтау көздері мекемелеріндегі онлайн семинар

2020 ж. 3 желтоқсанында Nur Otan партиясының Саяси менеджмент мектебінде ҚР Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қ. басқармасының (Филиал) қызметкерлерінің қатысуымен «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдарда құжаттарды сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды Архив директорының орынбасары Б.Қ. Жұмабеков ашып, жүргізді.
Семинарда «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдарда құжаттарды сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер», «Мекемелерде құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру», «Істер номенклатурасын жасау: дайындаудың мақсаты мен әдістері», «Құжаттарды істерде қалыптастыру», «Құжаттар мен істерді мекеменің ведомстволық архивіне тапсыруға дайындау» тақырыптары бойынша Филиал жетекшісі С.Ж. Әубәкіров, бас сарапшылар А.А. Ермағамбетова, Қ.М. Мырзабекова дәріс оқыды.

Шарада ұйымдағы ғылыми-техникалық құжаттарды өңдеуден өткізу мәселелері, істер номенклатурасын жасауда қойылатын негізгі талаптар талқыланып, ұйымдардағы құжаттардың құндылығын сараптауға ерекше көңіл бөлініп, туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Семинарға іс жүргізу қызметі бөлімдерінің жетекшілері мен мамандары, ведомстволық архив жұмыскерлері – барлығы 22 адам қатысты.