08.04.2024

Архивтің Даму тұжырымдамасы талқыланды

2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде Архивтің 2035 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасы негізінде жұмыстарды жетілдіру әдістері талқыланды. Архив қызметкерлері нысаналы индикатордағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету жолдарын ұсынды. Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметі, Архив қорын қалыптастыру қызметі, ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығы өз жұмыстарында кездесетін проблемалық аспектілер бойынша шолулар ұсынды, кейін аталмыш мәселелер “СКАМПЕР" әдістемесі форматында ұйымдастырушылар ұсынған кілсөздермен қатысты пікір білдірді. Қызметкерлер төрт топқа бөлініп, міндеттерге жету жолдарын ұсынды. Талқылауда жаңа технологиялар, жасанды интеллекті тақырыбы көтерілді. Архивтің электрондық каталогтар жүйесімен байланысты мобильді қосымшаны пайдалану арқылы архив процестерін жаңғырту, ведомстволық архивпен жұмысты реттеу сияқты ұсыныстар айтылды.