02.11.2023

«Архивтер және қоғам» кездесуі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Ресей, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары Марк Элимен (Marc Elie) кездесу өтті. Парижде (Франция) орналасқан Орталық әлеуметтік ғылымдардағы көп салалы зерттеу зертханасы болып табылады және тарихшыларды, географтарды, саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларды біріктіреді. Орталық XVII ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі ұзақ тарихи кезеңді зерттейді. Кездесуді аша отырып, ҚР Президенті Архивінің қолданбалы және ғылыми жобалар Орталығының басшысы, т.ғ.д., профессор Қ. Ш. Әлімғазинов шетелдік қонақты архивтің ғылыми-зерттеу қызметімен таныстырды. Марк Эли, зерттеуші ретінде Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі экология тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы туралы баяндады. Ол өз еңбегінде пайдаланған дереккөздер мен шетелдік архивтерден ақпарат іздегендігі туралы, материал жинау, жалпы экологиялық мәселелерді зерделеу үшін Қазақстан бойынша сапарлары жөнінде ақпаратпен бөлісті. Қазақстанның республикалық және өңірлік архивтерінен алған әсерлерімен бөлісе отырып, жоғары білікті жұмысы үшін архившілерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті архивінің оқу залының жұмысына ризашылығын білдірді. Архив құжаттарының цифрландырылуына, архивтік деректерді іздеуде, зерттеу жұмысын жүргізуді жеңілдететін дерекқорларға жоғары баға беріп, сонымен қатар цифрлық форматтарды алу мүмкіндігін ерекше атап өтті. Қайрат Шәкәрімұлы 2022 жылдан бастап архивте «Жаңа Архив» ғылыми-әдістемелік журналы шығарылатынын айтып, Маркты біздің журнал беттеріне ғылыми мақалалар жариялауға шақырды. Кездесу барысында Президент Архивінің жас ғылыми қызметкерлері Марк Элимен ғылыми ізденіс, тарих ғылымындағы заманауи талдау әдістері мәселелерін талқылады. Кездесу қонағы қазіргі тарих ғылымында, барлық гуманитарлық пәндер сияқты, IT-технологиялармен байланысты үлкен өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптарды ерекше талқылады.