26.04.2024

Архивте Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған көрме жұмысы аяқталды

ҚР Президентінің Архиві қазақтан шыққан тұңғыш академик, көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай тарихи-құжаттық көрме дайындады. Көрмедегі архивтік құжаттармен бір ай бойы ғалымдар, ұстаздар, шетелдік қонақтар, студенттер мен оқушылар танысты. Ғалымның өмірі мен қызметін көрсететін маңызды құжаттарды 500-ден аса адам көріп, Сәтбаевтың сан қырлы тағдырынан хабар алды.


Бүгін Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің оқушылары Архивке келіп, көрмеде ұсынылған архивтік мұрамен танысты. Осылайша, еліміздің геологиясын, минералдық ресурстарын зерттеуге және барлауға, ғылыми ізденістерінің нәтижелерін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға аса зор үлес қосқан ғалым Қ.И. Сәтбаевқа арналған көрме өз жұмысын аяқтады.