26.04.2024

Архивтану және іс жүргізу бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлестікте Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырады. 2024 жылғы 26 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде архивтану және іс жүргізу бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға Ұлттық университеттің «DiForce», «Gold Archive», «Future Destiny», «Documentum» командалары бақ сынасты. Биылғы олимпиаданың тақырыптық бағыты «Цифрлық дәуірдегі архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: заманауи бағыттары мен шешу жолдары» деп аталды. Жалпы сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде топ комадасын таныстырады, екінші турда топтық жобалар қорғалды.

Топтық жоба таныстыруда жастардың креативті, шығармашыл, заманауи идеялары көрініс тапты. Мәселен, «Future Destiny» тобы «Менің Alma Mater» архив құжаттарының виртуалды көрмесі: әдістемесі, технология және тәжірибе» атты виртуалды көрмесін ұсынды. Сонымен қатар топтар «Жасанды интелект архивтің ғылыми анықтама жүйесінің тиімділігін арттыру және бағалау құралдары», «Архивтік трансформация» сынды жобаларын таныстырды.. Тартысты сайыс нәтижесінде жүлделі бірінші орынды «Future Destiny» тобы иеленді. Ал екінші орынды «Gold Archive» командасы, ал үшінші орынды «DiForce» тобы жеңді. Жеңімпаздарға диплом, барлық қатысушыға арнайы сертификаттар тапсырылды.