27.10.2023

Архившілер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кубогы үшін Алматы қаласы архив мекемелерінің қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 25 жылдығына арналған «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» атты архив марафонының аясында ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-ші орынды Алматы қаласының мемлекеттік архивінің «Vernый» командасының ойыншысы Бауыржан Конкасов, 2-ші және 3-ші орынды ҚР Президенті Архивінің «Жас қыран» командасының ойыншылары Мади Шотаев пен Аян Жолдасов иеленді.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде 1-ші орынды ҚР Орталық мемлекеттік архивінің «Орталық архив» командасынан Меруерт Мұқатай, 2-ші орынды ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің «НТД» командасынан Ақбота Адилова, 3-ші орынды ҚР Президенті Архивінің «Жас қыран» командасының ойыншысы Гаухар Бекішева иеленді. Жарысқа қатысушыларға кубоктар, дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!