02.11.2023

«Архив қоймаларынан құжаттарды пайдалануға беру, сақтау тәртібі» тақырыбындағы өндірістік оқу

Бүгін Архив қызметкерлері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентеріне «Архив қоймаларынан құжаттарды пайдалануға беру, сақтау тәртібі» тақырыбында өндірістік оқу өтті. Іс-шараны Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметі мен Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметі бірлесе ұйымдастырды. Өндірістік оқу барысында Архив қоймаларынан істерді, құжаттарды беру тәртібі, уақытша пайдалануға беру мерзімі туралы айтылды. Құжаттарды сақтаудың оңтайлы шарттары, қоймалардың температуралық-ылғалдылық және жарық режімдері мен бақылау-өлшеу құрылғыларын (термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) қолдану жолдары көрсетілді. Архив қоймаларында құжаттардың физикалық және биологиялық бүліну қаупінің (өңездің, жәндіктердің, кеміргіштердің, шаңның пайда болуын, бактериялар) алдын алу шаралары талқыланды.

Мәтінінде физикалық кемшіліктер анықталған тұрақты сақталатын құжаттардың (құжаттың бір бөлігінің жоғалуы, жыртылу, сыртқы қабатының бүлінуі) физикалық жай-күйін тексеру жолдары. Құжаттарды қалпына келтіруге (реставрациялау, дезинфекциялау, фотореставрациялау, көмескі және өшіп бара жатқан мәтіндерді қалпына келтіру) қажетті арнайы өңдеу түрлері. Құжаттарды сандық форматқа көшіру және сақтық қорын құру мәселелері, құжаттардың физикалық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат беріліп, арнайы құрылғыларда жұмыс түрлері көрсетілді. Жас мамандар тарапынан қарастырылған тақырып қызығушылық тудырып, өздеріне қажетті сауалдарына жауап алып, құрылғылармен жұмыс істеп көрді.