28.04.2023

Архив ісі және құжаттаманы басқару тақырыбы бойынша семинар өтті

2023 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекеттік органдар және ұйымдармен 2023 жылға арналған бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес архив ісі және құжаттаманы басқару тақырыбы бойынша семинар өтті.
Семинарға құжатаманы басқару қызметі басшылары мен ведомстволық архивке жауапты мамандар қатысты. Атап айтсақ: «Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты» ММ, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» ММ, «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» ММ, «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» ММ, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ, «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» ММ, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК, «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» ММ, «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» ММ, «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» ММ, «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі» ММ, «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы» РММ, «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы» ММ. 


























Семинардың ашылуын Архив директорының орынбасары Б.Қ.Жұмабеков ашты.
Алғашқы лекцияны Архив қорын қалыптастыру қызметінің басшысы - Ә.С.Несіпбаев құжаттарды құжаттау және архивтік сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы айтты. Сонымен қатар Архив қорын қалыптастыру қызметінің жетекші сарапшысы – А.А.Ермағамбетова құжаттарды жасауға және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар туралы айтып өтті. Архив қорын қалыптастыру қызметінің сарапшысы – Г.Ө.Құдайбергенова өз сөзінде құжаттау негіздері: істер номенклатурасын жасау, құжаттардың құндылығын сараптау принциптері мен критерийлері туралы айтты. Архив қорын қалыптастыру қызметінің жоғары санатты архивисті – Қ.М.Мырзабекова істерге құжаттарды қалыптастыру және ресімдеу, оларды құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық мұрағатқа беру туралы түсінік берді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға тест сұрақтары таратылып, берген жауаптары бойынша ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізіп, барлық сұрақтардың жауаптары талқыланд