19.09.2023

Анонс: Жас архившілердің республикалық байқауы

2023 жылы 28-29 қыркүйекте Жезқазған қаласында жас архившілердің V Республикалық байқауы өтеді. Жастар жобасының бастамашысы – Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві. Іс-шара 2015 жылдан бастап екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Аталмыш байқау жас мамандардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, кәсіби біліктілігін арттыруға негіз болды және әріптестермен танысып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы жас архившілердің V Республикалық байқауын ұйымдастырушы – Ұлытау облысының мемлекеттік архиві.

2021 жылы Орал қаласында өткен байқауда ҚР Президенті Архивінің командасы бас жүлдені иемденген болатын. Биылғы байқауға қатысатын командалар (Алматы, Атырау Жезқазған, Жетісу, Қарағанды) ішінен Архивіміз жүлделі оралар ма екен, жақында білетін боламыз. Барлық қатысушы командаға сәттілік тілейміз! Тартысты сайысқа куә болайық!