12.04.2024

12 сәуір – Қ.И. Сәтбаевтың дүниеге келген күні

1899 жылы 12 сәуірде өлкеміздің геологиясын, минералдық ресурстарын зерттеуге және барлауға, ғылыми ізденістерінің нәтижелерін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға аса зор үлес қосқан Қ.И. Сәтбаевтың туған күні. Ол КСРО-дағы металлогения ғылымын жасаушылардың көш басында болды. Сол уақытта Орталық Қазақстанда ашылған 358 кен көзінің оннан тоғызы, яғни 331 кен Қ.И.Сәтбаев ұсынған карта бойынша табылған. Қаныш Имантайұлының көп жылғы еңбегінің қорытындысы саналатын ғылыми нәтиже 1958 жылы академиктің атын әлемге танытты.

Бүгінгі күні ҚР Президенті Архивінде Қ.И.Сәтбаевтың жеке тектік қоры сақталған. Онда ғалымның өмірбаяндық құжаттары, хаттары, қызметтік жылдарындағы құжаттары, баяндамалары, ғылыми еңбектері, мақалалары, фотосуреттері мен естелік жазбалары сақталған. Академик 1964 жылы өмірден озды. Оның құжаттары Президент Архивінің сақтауына 2014 жылы 22 тамызда берілген.