10.01.2022

10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекетіміздің басына төнген қиын да қасіретті уақытта өзінің борышы мен ел алдындағы азаматтық парызына берік болған, сонымен қатар мемлекеттігіміздің тұрақтылығына қауіп төндірген лаңкестердің жазықсыз құрбанына айналған әр азаматтарымыз үшін қабырғамыз қайыса қайғырамыз. Барлығымыз бірігіп, Президент Қ.К. Тоқаевқа қолдау білдірейік. Біз, Қазақстан халқы, тарих және келешек ұрпағымыздың тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезіне білуіміз керек. Осы сын сағатта тілектестікте және бірлікте болайық! Барлық қазақстандықтарға бейбітшілік тілейміз. Біздің күшіміз бірлікте!