06.03.2024

«Қазақфильм» киностудиясы деректі фильмдерінің жолсілтері

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кітапханасы «Қазақфильм» киностудиясы деректі фильмдерінің жолсілтерімен толықты.
2024 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Қазақфильм» киностудиясы деректі фильмдерінің жолсілтері (1925-1995 жж.)» кітабының тұсаукесері өтті.

Басылымда аталмыш кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктер мен дамуы көрсетілген деректі фильмдер мен кино очерктер ұсынылды.
Іс-шарада ҚР Президенті Архивінің Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметінің басшысы Б.Ә. Қасенов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде кино-құжаттар еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеуде құнды мағлұматқа ие екеніне тоқталып, архивтік көрмелерді дайындауда да көп көмегін тигізетінін атап өтті.