ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын 
 зерделеу орталығы
 Бас ғылыми қызметкер 
 Баспасөз қызметі  Аға сарапшы

Ашық бос орын: ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының Бас ғылыми қызметкері

Лауазымдық міндеттері:

1) ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы, қазіргі заманғы тарих, деректану, құжаттану және архивтану бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы аса маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асырады, оларды жүргізуге тікелей қатысады;
2) зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын тұжырымдайды, жұмыс бағдарламаларын жасауды ұйымдастырады, оларды жүргізу әдістері мен құралдарын айқындайды;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, өзіне тапсырылған тапсырмаларда өзге ұйымдармен бірлесіп жұмыстарды орындау кезінде қатысатын бірлесіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді;
4) құжаттану және архив ісі саласындағы ғылыми және инновациялық қызметті дамыту үшін әртүрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың, заңдардың, нормативтік құқықтық базаның жобаларын әзірлеуге қатысады;
5) бірлескен зерттеулер жүргізу үшін отандық және шетелдік әріптестерді іздеу, қосымша қаржыландыруды тарту жөнінде бастамалар қабылдайды, жобалардың конкурстары мен тендерлеріне қатысу үшін жобалық ұсыныстар әзірлейді;
6) алынған нәтижелерді жинақтайды, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізеді;
7) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің қолданылу аясын айқындайды және осы нәтижелердің практикалық іске асырылуына ғылыми басшылықты қамтамасыз етеді;
8) тиісті білім саласында ғылыми кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
9) сараптамалық-тексеру әдістемелік комиссиясының, архивтің ғылыми кеңесінің жұмысына қатысады және олардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындайды;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен тәртіпті сақтайды.
Білуге тиіс: құжаттану және архив ісі саласында ғылыми проблемаларды; жоғары тұрған және басқа органдардың басқарушылық материалдарын; деректану және археография, Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы тарихы, құжаттану және архивтану мәселелері бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді; ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің және енгізудің жаңа әдістерін, құралдары мен тәжірибесін; ғылым туралы заңнаманың маркетингін; еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
1) «Тарих», «Архивтану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Филология», «құқықтану», әлеуметтік ғылымдар мамандықтарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;;
2) ғылым докторының ғылыми дәрежесі, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы, қазіргі заманғы тарих бойынша ірі ғылыми еңбектердің, оның ішінде монографиялық зерттеулердің болуы, іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми бағдарламаларына, жобаларына басшылық ету, тиісті білім саласындағы ғылыми бедел.

Ашық бос орын:   Баспасөз қызметінің аға сарапшысы

Лауазымдық міндеттері:

1) жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) Осы бағыт шеңберінде перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды, жекелеген іс-шараларды немесе олардың кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемасын әзірлейді;
3) жұртшылықпен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады;
4) архивтен шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және жеткізушілерін айқындайды;
5) ақпарат жинауды, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді қолдана отырып, ақпараттық көздердің үздіксіз мониторингін ұйымдастырады;
6) Ақпараттық нарықтың және қоғамдық коммуникация саласының жай-күйін талдайды және өзгерістерін болжайды;
7) архивтің жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатын түзету жөнінде шаралар қабылдайды;;
8) бірлескен қызмет кезінде архивтің ішкі құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
9) бұқаралық ақпарат құралдары үшін архив қызметі туралы баспасөз релиздерін, корпоративтік бюллетеньдерді, оның қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастырады;
11) архивтің жария есеп беру құжаттамасын дайындауды жүзеге асырады;
12) бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өзге де өкілдерінің ұйымның қызметі туралы сұрау салуларын талдайды;
13) Архив бастамашы болмаған бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын жинақтайды, талдайды және архив басшылығының назарына жеткізеді;
14) атқарылған жұмыс туралы есептерді архив басшылығына ұсынады;;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен тәртіпті сақтайды.
Білуге тиіс: ҚР Конституциясын; ҚР Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «ақпараттандыру туралы» заңдарын; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді; отандық және шетелдік тәжірибені, архив ісі саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «Тарих», «Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Журналистика», «жұртшылықпен байланыс», «Халықаралық журналистика», «Филология» мамандықтарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, еңбек өтілі кемінде 2 жыл. 

Сұхбатқа қатысу үшін түйіндемені келесі мекен-жайы бойынша жолдауға болады: Алматы қаласы, Достық даңғылы 87 Б, 1 қабат, 13 немесе 16 бөлмелер немесе office@archive.president.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7272) 264-42-08, Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс қызметі.