10.03.2023

АНОНС: Архивтану және іс жүргізу бойынша VII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлестікте 2023 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және іс жүргізу бойынша VII Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, архивтану және құжаттану ғылым салаларында ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
Негізгі бағыттары
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
1. «Жасампаз архивші» тақырыбында шығармашылық тапсырманы орындау (топтың визит карточкасы – 10 мин.)
2. Топтық жобаларды қорғау (презентация, 10 мин.)

Топтық жобалардың тақырыптары келесі бағыттар бойынша:
1) Архивтердегі цифрлық технологиялар
2) Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы инновациялар
Әрбір оқу орны қатысу үшін 3-тен аспайтын команда (құрамында 5 адамнан аспайтын) команда ұсына алады.
Өткізілетін күні: 2023 жылғы 19 сәуір, сағ. 10.00.
Өткізілетін орны: ҚР Президентінің Архиві, Достық даңғ., 87 б.
Жұмыс тілі: қазақ, орыс.
Байланыс мәліметтері: +7 727 262 21 72, Мақатова Жансәуле Әлиқызы +7 777 772 00 77, Бейсенбекқызы Ботагөз +7 777 723 03 07.
Қатысу үшін 2023 жылғы 1 сәуірге дейін қатысу өтінімін (1-қосымша), 2023 жылғы 10 сәуірге дейін екі кезеңнің материалдарын (презентациялар) umc.aprk@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау қажет.