Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
+7 (7172) 573677
Мұстафина Әлия Құсайынқызы
2022 жылдың 18 ақпанында Мемлекет басшысының Өкімімен Мұстафина Әлия Құсайынқызы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды. 2025 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі.
Әлия Құсайынқызы бірнеше мамандық бойынша жоғары білім алған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Еуразиялық гуманитарлық институтын және Қаржы академиясын бітірген.
Тарих ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Қазақстан архивтерін ақпараттандыру тарихы (1991–2020 жж.)», РГГУ, Мәскеу қ., 2023 ж.).
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Архивтер мен құжаттаманы басқару комитетінде жетекші маман қызметінен бастаған.
2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызметкерлерді басқару қызметін басқарды.
2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментін басқарды.
2018-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы ақпан айынан бастап аталған мекеме директоры болып тағайындалды.
2020 жылдан бері Әлия Құсайынқызы Марибор және Триест қалаларындағы Халықаралық архивтану институтының (IIAS) Ассамблея мүшесі, 2025 жылғы наурыздан бастап Халықаралық архивтер кеңесі (ICA) шығаратын Comma журналының редакциялық алқа мүшесі, сондай-ақ Қазақстан
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+7 (7172) 573604
Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы
2025 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығымен ҚР Президенті Кеңсесінің Басшысымен келісіліп Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. Қ.Ш. Әлімғазинов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің 1996 жылғы түлегі. 1996–1999 жылдары «Тарих» мамандығы бойынша күндізгі аспирантурада оқыды. 2001 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Онда алғаш рет күрделі тарихи мәтіндерді зерттеу үшін тарихи процестерді сандық талдау және модельдеу әдістерін (Кендалл мен Спирманның рангілік корреляция коэффициенттері) қолданды. 2010 жылы «Электрондық тарихи дереккөз: теориялық-әдіснамалық аспектілері мен деректанулық талдау технологиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Қайрат Шәкәрімұлы – академиялық бес томдық «Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» басылымының, ғылыми монографиялардың, тарихнамалық және әдіснамалық очерктердің, анықтамалық-әдістемелік және ғылыми-көпшілік басылымдардың, сондай-ақ архивтану мен археография бойынша зерттеулердің авторы. Ол Ұлттық тарихты зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Тарих және компьютер» халықаралық қауымдастығының мүшесі. 2017 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің IVLP халықаралық көшбасшылық бағдарламасының түлегі. 2000–2013 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, Абай атындағы ҚазҰПУ сияқты жоғары оқу орындарында сабақ беріп, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистентінен доцентіне дейінгі жолдан өтті. 2009 жылдан бастап «Делопроизводство» ақпараттық-сараптамалық басылымның бас редакторы, тарих, архивтану және құжаттану бойынша жетекші ғылыми журналдардың редакция алқасының мүшесі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағат ісі және құжаттама мәселелері жөніндегі Әдістемелік кеңесінің, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ Диссертациялық кеңесінің құрамына кіреді. 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде бас сарапшы, бөлім басшысы, бас ғылыми қызметкер және Орталық басшысы лауазымдарын атқарды. Қазіргі уақытта ол Архив қорларын ұйымдастыру және сараптау қызметінің, Ғылыми және қолданбалы зерттеулер орталығының, сондай-ақ Цифрлық технологиялар және инновациялар қызметінің жұмысын үйлестіреді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+ 7 (7172) 573613
Карибжанова Роза Самидоллиновна
2023 жылғы 23 мамырда ҚР Президенті Кеңсесінің бастығымен келісіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының бұйрығымен Кәрібжанова Роза Самидоллақызы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. Роза Самидоллақызы Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі ОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады. 1988-2000 жылдары Торғай, одан кейін Семей облыстарында оқу-ағарту және жастар саясаты саласында бірқатар қызметтер атқарды. 2000-2003 жылдары – ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Архив және құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2003-2008 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болды. 2008-2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарып, басшылық қызметте еңбек етті. 2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде басшылық қызметтерін жалғастырды. 2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі. 2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы мамырға дейін – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрайымы болды. Президент Архивінде Роза Самидоллақызы Білім беру жобалары және халықаралық ынтымақтастық орталығының, Архивтік ақпарат ұсыну қызметінің (оқу залы және кітапхана), сондай-ақ Баспасөз қызметінің жұмысын қадағалап, жетекшілік етеді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+ 7 (7172) 573646
Шайлазымов Бақытхан Жолдыбайұлы
2023 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының бұйрығымен Бахытхан Джалдыбаевич Шайлазымов Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді (2002), заңгер біліктілігін алды. Сол жылы университеттің әскери кафедрасында оқуды аяқтап, Қазақстан Республикасы запастағы лейтенанты атағын алды. 2025 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік және жол институтының «кәсіпорын экономикасы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еңбек жолын 2002 жылы «Special Eurasian Deliveries» ЖШС-нің заңгері болып бастады. 2004 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бас маман-заңгер болып жұмыс істеді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш агенттігінің «Байтерек» акционерлік қоғамының бас директорының көмекшісі болып тағайындалды. 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары индустриялық-инновациялық даму бөлімін басқарды, содан кейін Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы заңдық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімін басқарды. Президент архивінде өз қызметін 2009 жылы құжаттарды пайдалану басқармасының сарапшысы лауазымында бастады. 2011-2013 жылдары архивтік технологиялар басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді, 2013 жылдан 2022 жылға дейін осы басқарманы басқарды. 2022-2023 жылдары инженерлік-пайдалану қызметінің басшысы лауазымын атқарды. Бүгінгі күні оның жауапкершілік аумағына Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу қызметі, Қаржы, бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік сатып алу қызметі, сондай-ақ Құжаттамалық сүйемелдеу және персоналды басқару қызметі кіреді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+ 7 (7272) 645802
Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы
2025 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығына сәйкес Жәмилә Үсіпжанқызы Әбдіқадырова директордың орынбасары - Алматы қаласындағы филиал директоры болып тағайындалды «Тұран» университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Сымбат» сән академиясы» АҚ кадрлар бөлімінің инспекторы қызметінен бастады. 2000–2003 жылдары Алматы қаласының № 39 орта мектебінде хатшы-іс жүргізуші қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап оның кәсіби қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен байланысты. Мұнда 2013 жылға дейін ол маман, жетекші маман, бас маманнан бастап Жинақтау және құжаттама бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Одан әрі Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы (2013–2014), Архив қорларының мемлекеттік есебінің сақталуын қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014–2015), директордың орынбасары лауазымдарын атқарды (2015–2018). 2018 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметін атқарды. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Архив филиалының қызметіне басшылық етеді.