Архив жаңалықтары, Баспасөз орталығы
ҚР Парламент Мажілісінің депутаты А.Б. Тасболатовпен кездесу
2018 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жүзеге асыру және негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша, ҚР Парламент Мажілісінің депутаты Абай Бөлекбайұлы Тасболатовпен кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Қайым Мұнар Табаев, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова және Архив қызметкерлері қатысты.
ҚР Президенті Архивінің директоры Борис Әлікенұлы Жапаров кездесу барысында, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы Архивтің қор құрушысы болып табылатынын, оның жеке қорында ғылыми еңбектірінің негізін құрайтын Қазақстанның Қарулы Күштері тарихы бойынша құжаттар жинақталғанын атап өтті. Генерал-лейтенант А.Б. Тасболатовтың фотоқұжаттары әскери тақырыпты зерттеп жүрген зерттеушілерге қызық болары сөзсіз. Архивтің Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы Ж.С. Зейнелов А.Б. Тасболатовтың жеке қоры туралы баяндама жасады.
ҚР Парламент Мажілісінің депутаты Абай Бөлекбайұлы Тасболатов өз сөзінде Бес әлеуметтік бастама аясында әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасына қатысты тұрғын үй бағдарламасының бірінші орында тұрғанын атап өтті. Халықаралық істер бойынша комитеттің мүшесі ретінде, ҚР Парламент Мажілісінің қауіпсіздігі және қорғанысы, Комитеттің жұмысы туралы, үш бағыттағы жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Парламент Мажілісінің жұмысы туралы, оның ішінде Парламентте жақында ғана талқыға түскен Қазақстанның архив заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып өтті. Тарихсыз – мемлекет жоқ, сондықтан архившілер маңызды және құрметті. Менің ойымша, еліміздің нағыз патриоттары архивтерде, кітапханаларда және музейлерде жұмыс жасайды. Сіздердің еңбектеріңізге рахмет, – деп А.Б. Тасболатов сөзін қортындылады.
Архивке сапар барысында Абай Бөлекбайұлы Архив құжаттарын цифрлеумен, құжаттарды сақтауды қамтамасыз етумен және оқырман залының жұмысымен, Архивтің ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты.