Байқоңыр ғарыш айлағы

Алғы сөз

Байқоңыр туралы 15 мәлімет
адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл толуына орай

1. Байқоңыр бүгінгі таңда жұмыс ітеп тұрған әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Байқоңыр Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Төретам теміржол бекетінен батысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
2. 1955 жылдың 12 ақпан күні зымыран ұшыруға арналған сынақ алаңын ашу туралы КОКП ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің бірлескен қаулысының нәтижесінде құрылған.
3. Алғашында арнайы комиссия болашақ сынақ алаңын Мари АКСР, Дағыстан АКСР, Астрахан және Қызылорда облыстарының бірінің аумағында орналастыру мүмкіндіктерін қарастырған.
4. Арнайы комиссия шешімімен Қызылорда облысындағы Төретам бекеті болашақ сынақ алаңына қолайлы деп табылған. Зымыран құрылысының бас құрастырушысы С.П. Королевтың тұжырымы бойынша ғарыш айлағы экваторға жақын болған сайын, зымыранды ғарышқа ұшыру үшін жердің айналу жылдамдығын қолдану да ыңғайлы болады.
5. Болашақ ғарыш айлағының құрылысы 1955 жылы басталды.
6. 1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан бірінші орбиталдық ұшыру іске асырылып, алғаш Жердің жасанды серігі «ПС-1» орбитаға шығарылды.
7. 1961 жылдың 12 сәуір күні Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшқыш басқаратын «Восток-1» ғарыш кемесі ұшырылды. Ғарыш кемесінде Юрий Алексеевич Гагарин болған еді.
8. Шетелдік барлау қызметтеріне жалған бағдар беру мақсатында сынақ алаңы Байқоңыр ауылында орналасқан деген ақпарат берілген. Шын мәнінде Байқоңыр сынақ алаңынан 300 шақырым жерде орналасқан еді.
9. Ғарыш айлағының әкімшілік орталығы – Ленинск ауылы 1958 жылы құрылған.
10. 1966 жылдың 21 маусым күні Ленинск ауылы облыстық бағыныстағы Ленинск қаласы болып қайта құрылған. Ал, 1987 жылдың 22 шілдесінен бастап республикалық бағыныстағы қала болып өзгертілген.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2695 Жарлығының негізінде Қызылорда облысындағы Ленинск қаласының аты Байқоңыр қаласы болып өзгертілген.
12. 1966 жылдың 25 маусым күні Байқоңырға шетел мемлекеттерінің басшыларының ішінен алғаш рет Франция Президенті Шарль де Голь келген.
13. Бүгінгі таңда әлемдегі белсенді қолданыстағы 25 ғарыш айлағының төртеуі ғана ұшқыштың басқаруымен ғарыш кемесін ұшыруға жарамды: Қазақстанда Байқоңыр, АҚШ-та Канаверал мүйісінде және Кеннеди ат. Ғарыш орталығы және Қытайдағы Цзюцюань.
14. 1994 жылғы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім шарт бойынша Байқоңыр Ресейге 20 жылға жалға берілген. 2004 жылы жалға беру уақыты 2050 жылға дейін ұзартылған.
15. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV «Ғарыш қызметі туралы» Заңының негізінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғарыш объектілерін ұшыруды дайындауға және жүзеге асыруға арналған ғарыш инфроқұрылымының құрамдас бөлігі және жекешелендіруге жатпайтын мүліктік кешені болып табылды. Ғарыш айлағын жалға беру мәселелері ҚР ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көрсетілмесе, ҚР заңнамасымен реттеледі деп көрсетілген.


Мәліметтерді дайындау барысында ҚР Президентінің Архивіндегі кітапхана қоры мен құжаттар: № 708 қор – «Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті»; № 5 қор – «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі»; «Қазақ КСР. Әкімшілік-аумақтық бөлініс» туралы 1959 жыл мен 1989 жылдардағы анықтама және ашық интернет көздері, соның ішінде Роскосмос АҚ ресми сайты https://www.roscosmos.ru алынған ақпараттар қолданылды.

2021-2-1

КСРО СІМ қызметкерлерінің балаларына арналған пионер лагеріндегі Б.Қ. Тайжан мен  Ю. Гагариннің Түркмениядан [араб елдерінен] келген балалармен кездесу сәті. 1961 ж.

ҚР ПА. 231-НЛ Қ. 1 Т. 72 іс. 3 п.

2021-2-2

Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті хатшылығы отырысының 1961 жылғы 31 мамырдағы №53 хаттамасының материалдары (160 парақта) // Ю.А. Гагариннің «Первый полет человека в космос», «Дорога в космос» тақырыбындағы шығармаларын қазақ тілінде басып шығару туралы Қазақ мемлекеттік баспасының директоры А. Рахимовтың ҚазКСР Мәдениет министрлігіне жазған хаты. 25 мамыр 1961 ж.
ҚР ПА. 708 Қ. 34 Т. 173 іс. 156 п.

2021-2-3

Ю.А. Гагарин БЛКЖО XIV съезінің қазақстандық делегаттарымен бірге Мәскеу қаласындағы Съездер сарайында. Сәуір. 1962 ж.

ҚР ПА. 273-НЛ Қ. 1 Т. 50 іс. 15 п.

2021-2-4

КСРО Қорғаныс министрлігінің, Қазақстанның КП, Қызылорда обкомының және облыстық Жұмысшы депутаттары кеңесінің атқару комитетінің қолдау хаты негізінде «Ленин кентін І санаттағы республикалық маңызы бар жабық қала етіп қайта құру туралы» Қазақстанның КП ОК Президиумының қаулысы. 14 маусым, 1963 ж.
ҚР ПА. 708 Қ. 44/2 Т. 1 іс. 242-249 п.

2021-2-5

«Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин кентін (25696 ә/б) жабық Ленин қаласы етіп қайта құру туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы. Маусым, 1963 ж.
ҚР ПА. 708 Қ. 44/2 Т. 1 іс. 242-249 п.

2021-2-6

З.К. Камалиденов Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының бірінші орынбасары А.Г. Николаевпен. Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру құрметіне жиналған  Байқоңыр ғарыш айлағы саяси басқармасының офицерлерімен бірге түскен фотосуреті. 1973 ж.
ҚР ПА. 254-НЛ Қ. 1 Т. 33 іс. 9 п.

2021-2-7

Ұшыру алдындағы ғарыш кемесінің фотосуреті. 1978 ж.
ҚР ПА. 254-НЛ Қ. 1 Т. 33 іс. 9 п.

2021-2-8

«Союз – 17» ғарыш кемесі экипажының  мүшелері А.А. Губарев пен Г.М. Гречконы қарсы алушылар мен А.Қ. Джулмухамедовтің фотосуреттері. 1975 ж. 16 ақпан.
Ғарышкерлердің А.Қ. Джулмухамедке берген естелік қолжазбасы бар.
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 130 іс. 4, 5, 8, 9 п.

2021-2-9

«Союз – 18» ғарыш кемесінің борт-инженері В.И. Севастьяновтың (сол жақтан екінші) экипаж мүшелерін қарсы алған адамдармен бірге түскен фотосуреті. 1975 ж. 26 шілде.
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 131 іс. 1 п.

2021-2-10

1975 жылдың 15 шілдесінде жүзеге асырылған американдық  «Аполлон» және Кеңес Одағының  «Союз – 19» ғарыш кемелерінің  бірлескен эксперименттік ұшу бағдарламасының сәтті өткізілу құрметіне арналған салтанатты іс-шараға қатысушылар:  космановт-ұшқыштар А.А. Леонов пен В.Н. Кубасов және т. б.
ҚР ПА. 254-НЛ Қ. 1 Т. 38 іс. 1, 2 п.

2021-2-11

«Союз – 19» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері: А. Леонов – экипаж командирі (оң жақта), В. Кубасов –  бортинженер (сол жақта). 1975 ж. 26 шілде
ҚР ПА. 254-НЛ Қ. 1 Т. 38 іс. 1, 2 п.

2021-2-12

Ұшқыш-ғарышкер Г.С. Титов Мәскеу қаласында өткен КОКП XXV съезінің делегаттар тобымен. 1976 ж. [?] ақпан
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 132 іс. 1 п.

2021-2-13

«Союз – 21» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Б.В. Волынов пен В.М. Жолобовтың қарсы алушы адамдармен бірге түскен фотосуреттері. 1976 ж. 24 тамыз
ҚР ПА. 38 НЛ Қ. 1. Т. 133 іс. 1-6 п.

2021-2-14

«Союз –22» ғарыш кемесінің жерге қонған кездезінде экипаж мүшелері В.Ф. Быковский (экипаж командирі) мен В.В. Аксеновтың (бортинженер) қарсы алушылармен бірге түскен  фотосуреттері.
1 сурет – В.В. Аксенов (бортинженер, сол жақта),   В.Ф. Быковский (экипаж командирі, оң жақта).
2 сурет – А.А. Леонов (оң жақтан екінші), адамзат тарихында алғаш рет ашық ғарышқа шыққан ұшқыш-ғарышкер.  
1976 ж. 23 қыркүйек
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 134 іс.1-8 п.

2021-2-15

В.Ф. Быковский мен В.В. Аксеновтың Байқоңырда түскен  фотосуреттері. Ғарышкерлер академик С.П. Королевтің мұражайында. 1976 ж. [?] қыркүйек
ҚР ПА.  38-НЛ Қ. 1. Т.  136 Іс.  1, 3 п.

2021-2-16

В.Ф. Быковский мен В.В. Аксеновтың Байқоңырда түскен  фотосуреттері.
ғарышкерлер туыстарымен Ю. Гагариннің ескерткішінің жанында. 1976 ж. [?] қыркүйек
ҚР ПА. 38- НЛ Қ. 1 Т. 136 іс. 1, 3 п.

2021-2-17

А.Қ. Джулмухамедовтың В.Ф. Быковский және В.В. Аксеновпен ғарышкерлердің жерге оралуы құрметіне орай ұйымдастырылған митингте түскен фотосуреті. Целиноград қ. 1976 ж.[?] қыркүйек
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 135 іс. 10 п.

2021-2-18

Ғарышкерлер В. Лебедев (сол жақта) пен А. Поповтың фотосуреті. Целиноград қ. (Нұр-Сұлтан қ.) 1977 ж.
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 138 іс. 1 п.

2021-2-19

Л.И. Брежневтің Мәскеу қаласындағы Кремль сарайында КСРО, Чехословакия және т.б. елдердің ұшқыш-ғарышкерлерімен түскен фотосуреттері. 1978 ж.
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 139 іс. 2 п.

2021-2-20

КСРО ұшқыш-ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры А.Г. Николаевтың  Мәскеу қаласындағы КОКП XXVI съезінің делегаттарымен бірге түскен фотосуреті. 1981ж.
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 140 іс. 2 п.

2021-2-21

«Союз – 36» Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері В. Кубасов (экипаж командирі) пен Б. Фаркаштың (ғарышкер-зерттеуші, Венгрия азаматы) қарсы алушылармен бірге түскен фотосуреттері.
В. Кубасов (сол жақта) пен Б. Фаркаш.  1980 ж. 3 маусым
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 141 іс. 1, 3 п.

2021-2-22

«Союз – 36» Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері В. Кубасов (экипаж командирі) пен Б. Фаркаштың (ғарышкер-зерттеуші, Венгрия азаматы) қарсы алушылармен бірге түскен фотосуреттері.
В. Кубасов (оң жақта) пен Б. Фаркаш. 1980 ж. 3 маусым
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 141 іс. 1, 3 п.

2021-2-23

«Союз – 37» Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері В.И. Горбатко мен Фам Туанның (Вьетнам) қарсы алушы адамдармен бірге түскен фотосуреттері. 1980 ж. 31 шілде
ҚР ПА. 38 НЛ Қ. 1. Т. 142 іс. 1-6 п.

2021-2-24

«Союз – 38» Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Ю. Романенко мен Арнальдо Тамайо Мендестің (Куба) қарсы алушылармен бірге түскен фотосуреті. 1980 ж. 26 қыркүйек
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 143 іс. 2 п.

2021-2-25

«Союз – 35» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Л.И. Попов пен В.В. Рюминнің (185 күндік ұшудан кейін)  қарсы алушылармен бірге түскен фотосуреттері. 1980 ж. 11 қазан

ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 144 іс. 2, 6, 10 п.

2021-2-26

«Союз Т-3» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерін қарсы алу сәті. Ғарышкерлер Кизим А.Д. (сол жақтан екінші), Макаров О.Г. (сол жақтан бірінші) және Стрекалов Г.М. 1980 ж. 10 желтоқсан
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 145 іс. 4 п.

2021-2-27

«Союз – 39»  Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері В.А. Джанибеков пен Ж. Гуррагчиді (Моңғол Республикасының азаматы) қарсы алу сәті. 1981 ж. 30 наурыз
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 147 іс. 1 п.

2021-2-28

Халықаралық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері В.А. Джанибеков, А. Иванченков және Ж.Л. Кретьен қарсы алушылар тобымен.  1982 ж. 2 шілде.
Солдан оңға қарай: Иванченков А., Джанибекова В.А. и Кретьен Ж.Л. (Франции азаматы).
ҚР ПА. 38-НЛ Қ. 1 Т. 148 іс. 1, 5, 8 п.

2021-2-29

Ұ.Қ. Қарамановтың Қызылорда облысы, "Байқоңыр" ғарыш айлағына жұмыс сапарымен барған кезіндегі түсірілген естелік фотосуреттері. 1990 ж. [?] сәуір
ҚР ПА. 279-НЛ Қ. 1 Т. 70 іс. 2-14 п.

2021-2-30

Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшуына 30 жыл толуына орай «Байқоңыр» ғарыш айлағында ұйымдастырылған Халықаралық фестивальді дайындау және өткізу туралы құжаттар (қаулылар, хаттамалар, бағдарламалар, шығындар есебі, кестелер, баяндама, тізімдер, хат алмасулар). //
1. Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев өткізген Кеңестің хаттамасы. Ленин қ. 14 қаңтар, 1991 ж.
2. Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшуына 30 жыл толуына орай «Байқоңыр» ғарыш айлағында ұйымдастырылған Халықаралық фестивальдің бағдарламасы. 12 сәуір, 1991 ж.
3. Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған фестивальдің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі. Ленинск қ. 12 сәуір, 1991 ж.
ҚР ПА. 7 Қ. 1.Т. 518 іс. 2-5, 86, 129-140 п.

2021-2-31

ҚазССР Президенті, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев, Ұ.Қ. Қараманов, Т.О. Әубәкіров "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы халықаралық кеңестік-австриялық экипажының ұшар алдында. Экипаж құрамында ғарышкер-зерттеуші Т.О. Әубәкіров бар. 1991 ж. 2 қазан.

ҚР ПА. 279-НЛ Қ. 1 Т. 62 іс. 1, 2 п.

2021-2-32

Ғарышкерлер ұшар алдында. Солдан оңға қарай: Ф. Фибек (Австрия), А.А. Волков – экипаж командирі, Т.О. Аубакиров. 1991 ж. 2 қазан
ҚР ПА. 279-НЛ Қ. 1 Т. 62 іс. 1, 2 п.

2021-2-33

Тоқтар Әубәкіровті ғарышқа шығарып салу кезінде бата берген Кеген ауданының бүркітшісі. 1991 ж. 2 қазан
ҚР ПА. 896 Қ. 1 Т. 5824 іс. 1 п.

2021-2-34

«Байқоңыр» космодромы қызметкерлерінің бір тобын Қазақ КСР-інің Құрмет грамотасымен наградтау туралы» Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылдың 25 қазандағы № 479 Жарлығы  
ҚР ПА. 7 Қ. 1 Т. 179 іс. 27-30 п.

2021-2-36

О.Г. Дымов бастаған ҚР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының Т.О. Әубәкіровке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жолдаған хаты. 1994 ж. 9 қараша - 1995 ж. 25 қаңтар
ҚР ПА. 246-НЛ Қ. 1 Т. 7 іс. 1-5 п.

2021-2-37

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшқыш-ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Юрий Маленченко (Ресей) және Тоқтар Әубәкіровпен. 1995 ж. 1 наурыз.
Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. 1995

2021-2-38

«Қызылорда облысындағы Ленинск қаласының атын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2695 Жарлығы.
ҚР ПА. 5-Н Қ. 1 Т. 4714 іс. 95 п.

2021-2-39

Талғат Мұсабаев халықаралық ғарыш станциясында, 2001 жыл.
Космонавты Казахстана. 1991-2015. - Астана: Фолиант, 2017.

2021-2-40

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана (Нұр-Сұлтан қ.) қаласындағы халықаралық әуежайда «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің экипаж командирі Г.И. Падалка, бортинженер А. Могенсен және А. Айымбетовті қарсы алуда. 2015 ж. 12 қыркүйек.
Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. 2015

2021-2-41

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшқыш-ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және Тоқтар Әубәкіровпен. 2015 ж. 14 қазан.
Сайт Президента РК akorda.kz

2021-2-35

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мир» ғарыш кешеніннен оралған ғарышкерлер Т. Мұсабаев, Ю.И.Маленченко және У.Мербольдті жерге қонғаннан кейін қарсы алуда. 1994 ж. 4 қараша.
Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. 1994

Құжаттар тізімі