Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі

Алғы сөз

1991 жылы Қазақстан қуаттылығы жағынан төртінші орында тұрған ядролық арсеналға иелік етуден өз еркімен бас тартып, әлемдегі ең ірі полигондардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады. 2021 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президентінің «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойғанына 30 жыл толады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында күн тәртібінде қоршаған ортаны қорғау және экологияны дамыту мәселесі бірінші орынға шығып отырғанын атап өтті. Бүгінде бүкіл өркениетті әлем экология мәселесімен айналысуда және Қазақстан да басты тенденциядан қалыс қалмауы керек. 1991 жылғы ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдік қауымдастықтың экологиясын сақтаудағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында бұл шараның маңыздылығын, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ядролық сынақтарды тоқтату және Семей ядролық сынақ полигонын жабудағы рөлін ерекше атап өтті: «Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның мерейлі белесін атап өтеміз. 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адамзаттың болашағы үшін айрықша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды». Қазақстан Республикасының Президенті Архивінде Семей ядролық сынақ полигонының, «Невада–Семей» халықаралық қозғалысын тарихын қамтитын құжаттар кешені сақталуда. Олардың қатарында Қазақ КСР Президентінің Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы, Семей облыстық партия комитетінің КОКП Орталық Комитетіне жазған хаттары мен телеграммалары, анықтамалары, дәрігерлер комиссияларының, жергілікті билік органдары басшыларының ядролық сынақтардың салдары туралы мәліметтері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық антиядролық форумдарда сөйлеген сөздерінің мәтіндері, әңгімелесу жазбалары, хат-хабарлар және т. б. бар. Ядролық қарусыздандыру, ядролық қаруды таратпау таратпау туралы келісім-шартқа қосылу, ядролық сынақтарға кешенді тексеруге жаппай тыйым салу туралы келісім-шартты ратификациялау, оның салдары және ұзақ ядролық сынақтардан зардап шеккен халықтар мен аумақтарды әлеуметтік оңалтуға қосқан Қазақстанның үлесін көрсететін құжаттардың үлкен жинағы сақталған. БҰҰ Қазақстанның ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесін ескеріп, 2009 жылы 29 тамызды – Семей полигоны жабылған күнді – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялады және бұл күн содан бері бүкіл әлемде атап өтілп келеді. Осы құжаттардың негізінде 2007 жылы Архив тарапынан «Из истории Семипалатинского полигона. 1951−1992 гг.» құжаттар жинағы әзірленіп, бұл жинаққа көпшілігі құпия режимде сақталған «қатаң құпия», «өте құпия», «арнайы папканың» құжаттары енгізілді. Бұл құжаттардың барлығы 2004−2008 жж. Ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижесінде құпиясыздандырылған. 2011 жылы аталған жинақ Тәуелсіздік кезеңінің құжаттарымен толықтырылып, «Казахстан за безъядерный мир» деген атпен қайта басып шығарылды, оған қосымша 1952−2010 жж. аралығындағы құжаттар енгізілді. Осы құжаттар мен фотосуреттердің кейбірі ҚР Президентінің Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығының 30 жылдығына арналған «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» атты осы көрмеде орналастырылған.

2021-5-1

Семей сынақ полигонындағы алғашқы ядролық жарылыс. 29 тамыз 1949 ж.
Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-2

Л.П. Берияның бірінші кеңестік атом бомбасының жасалғаны туралы И.В. Сталинге жазған хаты. 30 тамыз 1949 ж. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-3

Бірінші кеңестік ядролық қаруды шығарушылар ұжымының И.В. Сталинге жазған хаты. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-4

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті  бюросының «ҚазҚСР-де Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің атом соғысының дайындығына қарсы үндеуіне қол жинау туралы шешімі». 14 наурыз 1955 ж. ҚР ПА. 708 қ. 28 т. 129 іс. 145-146 п.

2021-5-5

Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері К.К. Мақашев өлкелік патология  ғылыми зерттеу экспедициясы  құрамында. [1956 ж.]. ҚР ПА. 157-НЛ қ. 2 т. 55  іс. 1-2 п.

2021-5-6

ҚазССР Ғылым академиясы ұйымдастырған Семей аумағын зерттеу бойынша ғылыми экспедицияға қатысушылар. Солдан оңға қарай: 2. Б. Атшабаров, 3. К. К. Мақашев. Семей облысы, [1956-1959 жж.]. ҚР ПА. 157-НЛ қ. 2 т. 55  іс. 4 п.

2021-5-7

КСРО Медицина ғылымы академиясы Биофизика институтының ғылыми қызметкерлер тобының Семей облысы тұрғындарын тексеру жұмыстары туралы анықтамасы. Семей қ., 1 наурыз 1958 ж. ҚЗТҚО. 103 қ. 73 т. 12 іс. 13-17 п.

2021-5-8

КСРО Министрлер Кеңесінің Семей және Шығыс Қазақстан облысы халқының тұрмыс жағдайын жақсарту және медико-санитарлық қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шараларды талқылау туралы өкімі. Мәскеу қ., 11 наурыз 1959 ж. ҚЗТҚО. 103 қ. 73 т. 12 іс. 30, 31 п.

2021-5-9

Семей өңірі тұрғындары ғылыми экспедиция мүшелерімен. [1959–1960 жж.]. ҚР ПА. 157-НЛ қ. 2 т. 55 іс. 6 п.

2021-5-10

Дегелең сынақ алаңындағы №В-1 шахтасындағы 1 кт қуаттылығындағы бірінші жерасты ядролық
сынағын өткізу. 11 қазан 1961 ж. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-11

1949-1989 жж. аралығында Семей полигонында жүргізілген ядролық, ядролық емес жарылыстардың саны туралы тексеру актісі. Курчатов қ., 28 ақпан 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 1020а  іс. 1-3 п.

2021-5-12

Семей ядролық сынақ полигонының картасы. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-13

Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық жарылыстар. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-14

Семей облыстық КП комитетінің бірінші хатшысы М.П. Карпенконың Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевқа Семей қаласы тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы хаты. Семей қ., 18 тамыз 1962 ж. ҚР ПА. 708 қ. 35 т. 294 іс. 150-152 п.

2021-5-15

Семей полигоны және оның сынақ аландарының орналасу карта-схемасы. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-16

Семей облыстық КП комитетінің бірінші хатшысы М.П. Карпенконың Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевқа атом қаруының сынақ полигонындағы радиоактивті ластану туралы ақпараты. 22 тамыз 1962 ж. ҚЗТҚО. 103 қ. 73 т. 12 іс. 40-41 п.

2021-5-17

КСРО Министрлер кеңесі жанындағы МҚК Ерекше бөлімінің бастығы Фомичевтің сынақ алаңдарына жақын орналасқан аудандарда астықтың ластанғаны туралы анықтамасы. 23 тамыз 1962 ж. ҚЗТҚО. 103 қ. 73 т. 12 іс. 42 п.

2021-5-18

1965 ж. қуаттылығы 140 кт термоядролық жарылыстан «Балапан» сынақ алаңында пайда болған «Атомды» көлі. Диаметрі – 500 м, тереңдігі – 80 м. Семей қ, ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-19

Кеңестік министрліктердің басшылары А.И. Бурназян мен Е.П. Славскидің Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевқа сынақ жарылыстары салдарынан тұрғындарға келетін залалдың қауіпсіздігі туралы хаты. 8-9 ақпан 1965 ж. ҚР ПА. 708 қ. 36/1 т. 3 іс. 113-114 п.

2021-5-20

ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Е. Асанбаевтың Қазақстан КП ОК Семей облысындағы ядролық сынақтың кері салдары туралы ақпараты. 18 сәуір 1989 ж. ҚР ПА. 708 қ. 140 т. 59 іс. 7-10 п.

2021-5-21

Ғалым-радиологтар сынақ өткізілген аумақтың  радиоактивтілігін өлшеуде. 1989 ж. Семей қ, ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-22

КСРО Министрлер кеңесінің әскери-өнеркәсіп мәселері бойынша мемлекеттік комиссиясының «КОКП ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің полигондардың қызмет ету мәселелері бойынша қаулысының жобасын дайындау туралы ( КСРО Қорғаныс министрлігінің 905 және 700 объектілері)» шешімі. Мәскеу қ., 23 қазан 1989 ж. ҚР ПА. 708 қ. 140 т. 60 іс. 1-2 п.

2021-5-23

Ядролық жарылыстар кәріні де, жасты да үрейлендірді. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-24

Қарауыл ауылы тұрғындарының ядролық жарылыстарға наразылығы. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-25

Үржар ауданы тұрғындарының Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевқа халықтың денсаулық жағдайын зерттеу қажеттілігі және  аудандағы экономикалық жағдай туралы жолдаған хаты. 2 сәуір 1990 ж. ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 2576 іс. 92-93 п.

2021-5-26

ҚазКСР Денсаулық сақтау министрі А.А. Аманбаевтың Қазақстан КП ОК-не сынақ полигонында тұрғындардың денсаулығының жай-күйі жөніндегі ақпараты. Алматы қ., 3 мамыр 1990 ж. ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 2576 іс. 97-98 п.

2021-5-27

ШҚО, Марқакөл ауданы, Боран орта мектебінің  директоры Т. Нұрғалиевтің «Семей−Невада» қозғалысының төрағасы О. Сүлейменовке Семей ядролық полигонының әсерінен балалардың ауруға шалдығуы және экологияның бұзылуы туралы хаты. 10 ақпан 1992 ж. ҚР ОМА. 2225 қ. 1 т. 362 іс. 6-10 п.

2021-5-28

«Невада−Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының Президенті О.О. Сулейменовтың   Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы митингіде сөз сөйлеуі. Тамыз 1989 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-29

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының республика аумағындағы атом полигонын жабу туралы ашық мәлімдемесі. ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 2190 іс. 10-11 п.

2021-5-30

Белгілі қазақ ақыны, «Невада−Семей»  қозғалысының қатысушысы Т. Әбдірахманованың Ленинград қаласының шығармашылық зиялыларына қозғалысты қолдауына өтініш хаты. Қазан 1989 ж. ҚР ОМА. 2208 қ. 1 т. 313 іс. 4-5 п.

2021-5-31

Семейлік ақын, «Невада−Семей» қозғалысының белсенді қатысушысы В. Кобрин. [1989 г.]. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-32

Семей обл., Абай ауд., Қарауыл ауылында өткен ядролық сынақтарға қарсы митингке қатысушылар. Тамыз 1989 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-33

Семей облысы, Жаңасемей ауданы, «Прииртышский» ауылының  тұрғындарының «Невада−Семей» қозғалысын қолдап жолдаған үндеуі. 1989 ж. ҚР ОМА. 2225 қ. 1 т. 343 іс. 1-3 п.

2021-5-34

Хиросима және Нагасаки құрбандарын еске алу күніне арналған антиядролық митинг. Семей қ., Ленин алаңы. 7 қыркүйек 1989 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-35

«Полигон орнына бақ орнату» акциясы: ядролық полигон алаңының қоршауында тоғай отырғызу. 2 сәуір 1990 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-36

Семей ядролық сынақ полигонының құрбандарына арналған митингіге қатысушы балалар. 22 тамыз 1990 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-37

Ертіс өзенінде Семей ядролық сынақ полигонының құрбандарына балалар шамшырақ жіберуде. 22 тамыз 1990 ж. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-38

«Дипломаты Граждан мира» ұйымының координаторының «Невада−Семей» қозғалысының төрағасы О.О. Сүлейменовке  Невада штатындағы (АҚШ) қарусыздандыру іс-шараларына  қатысуға шақырған хаты. 1990 ж. ҚР ОМА. 2225 қ. 1 т. 342 іс. 19 п.

2021-5-39

Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың «Невада−Семей» қозғалысының іс-шараларын   бағалай келіп, болашағына табыс тілеп жолдаған хаты. 19 қараша 1990 ж. ҚР ОМА. 2225 қ. 1 т. 347 іс. 2 п.

2021-5-40

Қазақстан мен Жапонияның ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстарының мүшелері қатысқан
Алматы–Семей–Хиросима телемарафоны. Мамыр 1990 ж. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-41

Семей ядролық полигонын жабуға арналған салтанатты рәсім. 1991 ж. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-42

О.О. Сулейменовтың РСФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Б.Н. Ельцинге «Невада−Семей» қозғалысы туралы хаты. 1992 ж. ҚР ОМА. 2225 қ. 1 т. 349 іс. 1 п.

2021-5-43

«Невада−Семей» қозғалысының предидентi О. Сүлейменов. Куйдин Ю. Ядерная трагедия Казахстана. Алматы. – 1997. – 256 с.

2021-5-44

«Невада−Семей» антиядролық қозғалысының эмблемасы. Семей қ., ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-45

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөз сөйлеуі. 5 қазан 1992 ж. ҚР ПА ағымдағы архивінен.

2021-5-46

Қарағанды облыстық XXVI партия конференциясының ҚазКСР Президенті, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевқа Семей ядролық полигонын жабу туралы үндеуі. 19 наурыз 1990 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 88 іс. 6 п.

2021-5-47

Қазақстан КП ХVII съезінің КСРО Жоғары Кеңесіне Семей полигонында ядролық қаруды сынауды тоқтау туралы жолдаған шешімі. 20 маусым 1990 ж. ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 2466 іс. 22 п.

2021-5-48

Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев академик Е.П. Велиховпен. Алматы қ., 1990 ж. Казахстан за безъядерный мир. Изд. 2-е,  –Алматы: Print Express. 2011. – 285 c.

2021-5-49

Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевтың Семей қ. тұрғындарымен өңірдің проблемалары жөнінде әңгімелесуі. 1991 ж. Казахстан за безъядерный мир. Изд. 2-е, –Алматы: Print Express. 2011. – 285 c.

2021-5-50

Семей облыстық КП комитетінің бірінші хатшысы К.Б. Бозтаевтың КСРО Президенті М.С. Горбачевқа Семей ядролық полигоны мәселелері бойынша хаты. 29 наурыз 1990 ж. ҚР ПА. 708 қ. 140 т. 78 іс. 6−7 п.

2021-5-51

ҚазКСР Министрлер кеңесінің төрағасы Ұ. Қарамановтың Қазақстан КП ОК-не ядролық сынақтарды тоқтату туралы ақпараты. 10 мамыр 1990 ж. ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 2318 іс. 1-3 п.

2021-5-52

ҚазҚСР Жоғарғы Кеңесінің Семей облысындағы ядролық полигонда сынақты тоқтату және аймақтағы халық денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар туралы Қаулысы. Алматы қ., 1990 ж. 22 мамыр. ҚР ОМА. 1109 қ. 3 т. 2750 іс. 217-218 п.

2021-5-53

ҚазКСР Жоғары Кеңесі депутаттарының ҚазКСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою бойынша мемлекеттік комитет құру туралы хаты. 14 желтоқсан 1990 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 519 іс. 188-189 п.

2021-5-54

ҚазКСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың КСРО Президенті М.С. Горбачевқа Семей полигонын жабу туралы хаты. 6 наурыз 1991 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 574 іс. 23-24 п.

2021-5-55

ҚазКСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 Жарлығы. 29 тамыз 1991 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 172 іс. 79-80 п.

2021-5-56

ҚазКСР халық депутаты М. Шәйжүнісовтің ҚазКСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа полигонның жабылуына орай білдірген алғысы туралы жеделхаты. 31 тамыз 1991 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 1497 іс. 158 п.

2021-5-57

О.О. Сулейменов пен Н.Ә. Назарбаев Жаhандық альянстың халықаралық конгресінде. 1993 ж. Против ядерного огня. Акимат г. Семей, КГУ «Центр документации новейшей истории». – Семей, 2014. – 124 с.

2021-5-58

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом қуаты жөніндегі агенттігі туралы» № 779 Жарлығы. 15 мамыр 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 17 іс. 37-38 п.

2021-5-59

ҚР Премьер-Министрінің «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың жануарлардың, адамдардың ағазасы мен қоршаған ортаға тигізген әсері жөнінде ақпараты бар материалды құпиясыздандыру бойынша комиссия құрамын бекіту туралы» № 299-р Өкімі. 19 шілде 1993 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 1673 іс. 86-88 п.

2021-5-60

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан территориясынан барлық ядролық оқ-дәріні шығару туралы мәлімдемесі. 26 мамыр 1995 ж. ҚР ПА. 75-Н қ. 1 т. 1304 іс. 7 п.

2021-5-61

Қазақстан Республикасының «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» № 270-II Заңы. 14 желтоксан 2001 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 6 т. 2442 іс. 1 п.

2021-5-62

ҚР Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың РФ Президенті Б.Н. Ельцинмен Семей полигонындағы бірегей тәжірибелік реакторлық базаны пайдалану және сақтау туралы хат алмасуы. Қаңтар-қараша 1995 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 5821 іс. 1, 4-5 п.

2021-5-63

Семей қаласындағы Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті» монументі. Семей қ. ҚЗТҚО қорынан.

2021-5-64

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясының пленарлық мәжілісінде сөз сөйлеуі. 23 қырқүйек 2007 ж. ҚР ПА ағымдағы архивінен.

2021-5-65

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның Семей қаласына сапары. 6 сәуір 2010 ж. Против ядерного огня. Акимат г. Семей, КГУ «Центр документации новейшей истории». – Семей, 2014. – 124 с.

2021-5-66

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және АҚШ Президенті Б. Обама Ядролық қауіпсіздік бойынша саммитте. Вашингтон, 12 сәуір 2010 ж. Казахстан за безъядерный мир. Изд. 2-е, – Алматы: Print Express. 2011. – 285 c.

2021-5-67

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумында сөз сөйлеуі. 12 қазан 2011 ж. ҚР ПА ағымдағы архивінен.