Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынов – мәңгілік тұлға» атты тарихи-құжаттық көрме

Алғы сөз

2022 жылы қазақтың рухани көсемі атанған ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды. 2021 ж. 21 қарашадағы ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі, ағартушы, әліпби реформаторы А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы 2022–2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енді.

2022 ж. 29–30 мамыр аралығында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» халықаралық форумы өтті. Аталған форум аясында ҚР Президенті Архиві А. Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынов – мәңгілік тұлға» атты тарихи-құжаттық көрмесін даярлады.

Көрме құжаттары ҚР Президенті Архивінің және ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қорларынан алынды. Құжаттар тақырыптық-хронологиялық қағидат бойынша жүйеленген. Әрбір құжаттың қысқаша мазмұны жазылып, архивтік құжаттардың алынған жеріне сілтеме жасалған.

Тарихи-құжаттық көрме үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар; 2-бөлімде А. Байтұрсыновтың саяси қудалануына қатысты құжаттар; 3-ші бөлімде Ахмет Байтұрсыновтың саяси ақталуы және ұлықталуына қатысты құжаттар қамтылған.

1

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби кеңесінің және Академиялық орталықтың төрағасы А. Байтұрсыновтың өмірбаяны. [Орынбор қ.] 4 шілде 1924 ж. ҚР ПА. 139 қ. 1 т. 1016 іс. 108, 108 а. б.

2

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби кеңесінің және Академиялық орталықтың төрағасы А. Байтұрсыновтың жеке парағы. [Орынбор қ.] 4 шілде 1924 ж. ҚР ПА. 139 қ. 1 т. 1016 іс. 107–109.

3

Ұйымдастырушылардың бірі А. Байтұрсынов болған 1917 ж. 5–13 желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ съезі отырысының хаттамасы. ҚР ПА. 811қ. 20 т. 140 іс. 20–30 п.

4

А. Байтұрсынов құрастырушылардың бірі болған «Алаш» партиясының бағдарламасы. [1917 ж.]. ҚР ПА. 811 қ. 20 т. 140 іс. 110–113 п.

5

Торғай сайлау округінде тіркелген «Алаш» партиясы мүшелерінің тізімі. [1919 ж.]. ҚР ПА. 811 қ. 23 т. 462 іс. 29 п.

6

А. Байтұрсыновтың Қырғыз (Қазақ) өлкелік Әскери-революциялық комитетінің органы «Известия Киргизского края» газетінде жарияланған РК(б)П мүшелігіне өту туралы өтініші. 15 сәуір 1920 ж. ҚР ПА. 813 қ. 1 т. 23 іс. 7 п.


7

РКФСР ХКК төрағасы В.И. Лениннің «Ұлттық және отаршылдық мәселелері» жөніндегі тезистеріне БОАК және Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің мүшесі А. Байтұрсыновтың жазбасы. [маусым] 1920 ж. ҚР ПА. 811 қ. 20 т. 568 іс. 69, 69 а. б.

8

Қырғыз (Қазақ) АКСР І-съезіндегі Торғай облысының делегациясы. Солдан оңға қарай: 2-қатар: 5. А. Байтұрсынов. Орынбор қ. 1920 ж. ҚР ОМ КФДЖ Архиві. Ә. Бөкейхановтың жеке қоры, Архивтік № 2-117420

9

Т. Рысқұлов, А. Ходжаев (Түркістан АКСР өкілдері), З. Валидов, Х. Юмагулов (Башқұртстан өкілдері), А. Байтұрсыновтың (Қырғыз (Қазақ) АКСР өкілі) РКФСР ХКК төрағасы В. И. Ленинге жазған ІІІ Коминтерннің ІІ Конгресіне жергілікті коммунистердің өкілдерін қосу туралы хаты. 16 маусым 1920 ж. ҚР ПА. 141 қ. 18. т. 165 іс. 23–28 п.

10

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссары А. Байтұрсыновтың Қырғыз (Қазақ) АКСР халық ағарту  ісінің жай-күйі туралы  баяндамасы. 1920 ж. ҚР ПА. 140 қ. 1 т. 74 іс. 6–9 а. б.

11

А. Байтұрсыновты Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің І Құрылтай съезі Төралқасының құрамына қосу туралы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық бюро отырысының №30 хаттамасы. 2 қазан 1920 ж. ҚР ПА. 140 қ. 1 т. 4 б іс.42–43 п.

12

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің аппараты және Жұмысшы-шаруа инспекциясының Орал губерниялық Бақылау комиссиясының мүшелері. Солдан оңға қарай: 2-қатарда: 2. А. Байтұрсынов. Орынбор қ. 1921 ж. ҚР ПА.  896 қ. 1 т. 492 іс.

13

РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті Төралқасы отырысының А. Байтұрсыновты Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының алқасы құрамына бекіту туралы шешімі. 28 қазан 1921 ж. ҚР ПА. 139 қ. 1 т. 66 іс. 19 п.

14

А. Байтұрсыновтың губерниялық партияны тазалау комиссиясына партиядан шығару туралы аудандық комиссия шешімінің күшін жою туралы өтініші. Орынбор қ. 15 қараша 1921 ж. ҚР ПА.  813 қ. 1 т.  23 іс. 5– 6 а. б.

15

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты алқасының А. Байтұрсыновты БОАК жанындағы Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі орталық  комиссиясына іссапарға жіберу туралы хаттамасынан үзінді. 18 қараша 1921 ж. ҚР ПА. 139 қ. 4 т. 7 іс. 70 п.

16

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссары А. Кенжиннің БОАК жанындағы Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі орталық комиссиясы Төралқасының мүшесі болып тағайындалған А. Байтұрсыновты халық ағарту саласындағы академиялық жұмыстарды жүргізу үшін орнында қалдыру туралы қызметтік жазбасы. Орынбор қ. 23 қараша 1921 ж. ҚР ПА. 139 қ. 4 т. 7 іс. 77 п.

17

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссарының орынбасары А. Байтұрсыновты РК(б)П мүшелігінен шығару туралы РК(б)П 6-шы аудандық комитетінің партияны тазалау жөніндегі комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді. 27 қараша 1921 ж. ҚР ПА.  813 қ. 1 т. 23 іс. 3, 3 а. б.

18

Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту халық комиссариаты алқасының А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі шешімі. 18 қаңтар 1923 ж. ҚР ПА. 139 қ. 1 т. 444 іс. 89–90 а. б.

19

Жазушы М. Жолдыбаевтың А. Байтұрсыновтың «Ересектерге арналған әліппе» кітабына пікірі. [Орынбор қ.] 12 маусым 1924 ж. ҚР ПА. 139 қ. 1 т.  730 іс. 41 п.

20

Қазақ үлгі-тәжірибе мектебінің оқытушылары мен тыңдаушылары. Орынбор қ. Солдан оңға қарай: 3-қатарда: 10. А. Байтұрсынов. 1924 ж. ҚР ПА. 223 НЛ. қ. 1 т. 46 іс. 1 п.

21

Қазақ жастарының партия-кеңес басшыларына «Еңбекші Қазақ» газеті арқылы Алаш-Орда қозғалысы және оның көшбасшылары жөніндегі ашық хатына қатысты жазған М. Шоқайдың «Ояну» атты мақаласы. Париж қ. 7 қаңтар 1926 ж. ҚР ПА. 811қ. 20 т. 140 іс. 93–98 п.

22

Қазақ жазуын латындандыру мәселесі жөніндегі пікірталас кеңесіндегі А. Байтұрсыновтың баяндамасы. Қызылорда қ. 10 желтоқсан 1926 ж. ҚР ПА. 141 қ. 1. т. 915 іс. 38–46 п.

23

I Бүкілқазақстандық педагогика және ауыл шаруашылығы салаларында білім беру бойынша кеңеске қатысушылар. Солдан оңға қарай: 2-қатарда: 2. М. Дулатов; 3-қатарда: 3. А. Сәтпаев; 4. А. Байтұрсынов; 5. С. Сәдуақасов. Қызылорда қ. 20–27 ақпан 1927 ж. ҚР КФДЖ ОМ архиві. С. Асфендияровтың жеке қоры, архивтік № 108063.

24

Қазақ АКСР бойынша БМСБ Уәкілетті Өкілі Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Г. Саенконың А. Байтұрсыновтың пәтерін тінту кезінде табылған ұлттық мәселе бойынша тезистер туралы анықтамасы. Алматы қ. 13 маусым 1929 ж. ҚР ПА. 141 қ. 18 т. 165 іс. 8 п.

25

Пәтерін тінту кезінде табылған ұлттық мәселе бойынша тезистер туралы А. Байтұрсыновтың Қазақ АКСР бойынша БМСБ Уәкілетті Өкілі Шығыс бөлімінің бастығы Л. Логачевке берген жауабы. Алматы қ. 13 маусым 1929 ж. ҚР ПА. 141 қ. 18 т. 165 іс. 9 п.

26

Қазақстан партия-кеңес басшыларының ұлттық мәселе бойынша тезистері. 1 шілде 1929 ж. ҚР ПА. 141 қ.18 т. 165 іс. 2–7 п.

27

БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бюросы отырысының «Алашордашыл ұлтшыл әдебиеттерді қолданыстан алып тастау туралы» шешімі. 2 маусым 1937 ж. ҚР ПА. 141 қ.141 т. 12820 іс. 10–11 п.

28

А. Байтұрсыновтың кітаптары енген қоғамдық пайдалану кітапханалары мен кітап сату желісінен алынып тастауға жататын басылымдардың тізімі. 1937 ж. ҚР ПА. 708 қ.1 т. 604 іс. 101–106 п.

29

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары А. Тілеулиевтің Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институты директорының орынбасары П. Пахмурныйға жазған А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және М. Жұмабаев туралы ақпараты. Алматы қ. 27 тамыз 1962 ж. ҚР ПА. 811 қ. 23 т. 171 іс. 2–7 п.

30

Қазақ КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының өтінішіне байланысты Қазақ КСР Прокуроры 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғ. Елемісовтің А. Байтұрсыновтың ісі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына наразылығы (қадағалау тәртібімен берген). 19 қазан 1988 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 3–4 п.

31

Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының А. Байтұрсыновқа қатысты ІІХК Алматы облыстық басқармасы үштігінің 1937 ж. 25 қарашадағы қаулысының күшін қылмыс құрамының болмауына байланысты жою және істі қысқарту туралы №11/2 нкр-18/88 ұйғарымы. 4 қараша 1988 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 6–7 п.

32

Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің Партиялық бақылау комиссиясына А. Байтұрсыновтың ақталуы туралы  хабарламасы. 30 қараша 1988 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 9–10 п.

33

Қазақстан Компартиясы ОК Идеологиялық бөлімінің меңгерушісі А. Устиновтың Қазақстан Компартиясы ОК-не жазған М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың және Ж. Аймауытовтың шығармашылық мұрасы туралы ақпараты. 16 желтоқсан 1988 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 27–28 п.

34

Қазақстан Компартиясы ОК Партиялық бақылау комиссиясының А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметі  туралы қорытындысы. 1988 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 37–47 п.

35

Қазақстан Компартиясы ОК бюросының «М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы туралы» қаулысы. 20 желтоқсан 1988 ж.  ҚР ПА. 708 қ. 139 т. 110 іс. 24–25 п.

36

Қазақстан Компартиясы ОК Партиялық бақылау комиссиясының А. Байтұрсынов туралы анықтамасы. 1 ақпан 1989 ж. ҚР ПА. 708 қ.141 т. 137 іс. 63–64 п.

37

[1980–1990 жж.]. Жазушы Х. Өзденбаевтың А. Байтұрсынұлы туралы естелігінен үзінді. ҚР ПА. 223 НЛ қ.
1 т. 18 іс. 65–109 п.

38

ҚР ҒА академигі М. Қозыбаевтың «Столичное обозрение» газетінде жарияланған А. Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған «Великий реформатор ХХ века» мақаласы. 2 қазан 1998 ж. ҚР ПА. 163 НЛ қ. 1 т.  304 іс. 125–126 п.

39

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алматыдағы Республика сарайында А. Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты жиындағы кіріспе сөзі. 14 қазан 1998 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 8748 іс. 1–16 п.

40

«1997 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін өткізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі. №3503. 15 мамыр 1997 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 7062 іс. 185–188 п.

Құжаттар тізімі