ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
Мұрағат директорымен
В. Шепель
«23» мамыр 2008 ж.
Бекітілген
«Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі стандарты
1. Жалпы ережелер
- Осы стандартты жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сұрау салулардың дұрыс және уақтылы орындалуын ұйымдастыруға жәрдемдесу мақсатымен Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты әзірледі.
- Мұрағаттық анықтама – заңды күші бар және сұрау салу мәселесі туралы құжаттық ақпараты бар, іздестіру деректері көрсетілген мұрағаттың ресми құжаты (әрі қарай – мемлекеттік қызмет көрсету).
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: дәстүрлі қағаз негізінде және Кепілді орталық растаған электронды сандық қол қою (ЭСҚ) бар болған жағдайда электронды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар» Заңының 15 бабының, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны мұрағаттық анықтаманы беру болып табылады.
- Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көретіледі (одан әрі – өтініш берушілер).
- Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столында құжат тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қызмет көрсетудің мерзімі қосымша зерделеу немесе мұрағат басшысы, не өкілетті тұлға тексеру қажеттігі туған жағдайларда ғана 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла алады, бұл туралы өтініш иесіне үш күннің ішінде хабар беріледі.
- Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсетілу тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының веб-беттерінде htt://www.aprk. kz белгісінде, анықтама столындағы үлгілер көрсетілген ақпарат тақтасында орналасқан.
- Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты көрсетеді, мекен-жайы: Алматы қ. Достық даңғылы 87 б. телефон 8(7272)64-68-62; факс 8(7272)64-68-21. Азаматтарды қабылдау уақыты: Әр күні 8.30.–7.30., үзіліс 12.00–13.00, демалыс күндер – сенбі, жексенбі.
- Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қажетті құжаттардың үлгілері мен тізбелері көрсетілген қабырға қағазымен жабдықталған анықтама столында көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш иесі мына құжаттарды ұсынады:
1) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен қоса өтініш;
2) үшінші адам туралы дербес деректері бар мәлімет алу үшін қосымша өтініш иесінің өкілеттігін растайтын құжаттар ұсынылады №1 қосымшаны қара.
- Өтініш жазу бланкін Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столының жұмысшылары береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының веб-беттерінде орналастырылған (№2–9 қосымшаны қара).
- Толтырылған өтініш, сондай-ақ осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының анықтама столына ұсынылады.
- Мемлекеттік қызмет алуға қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш иесіне өтініш қабылданғаны туралы талон беріледі, онда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты, өтінішті қабылдаған жұмысшының лауазымы, фамилиясы және инициалы және қабылданған күні, уақыты көрсетіледі (№10 қосымшаны қара)
- Мұрағаттық анықтама өтініш иесіне жеке қабылдау барысында немесе почта, не электронды почта арқылы жіберіледі.
- Өтініш иесі осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.
Сұрау салуды орындауға қажетті құжаттар жоқ болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.
- Жұмыстың қағидалары
18. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қызметі мынадай қағидаларға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығының сақталуы;
2) қызметтік парыздың орындалу кезіндегі заңдылықтың сақталынуы;
3) сыпайылық;
4) жинақталып қорытылған және толық ақпараттың ұсынылуы;
5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
4. Жұмыстың нәтижелері
19. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты жұмысының нәтижелері осы стандарттың №11 қосымшасына сәйкес оның сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен қол жетімділігінің мақсатты көрсеткіштерін жыл сайын арнайы құрылған мамандар тобы бекітеді.
- Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мін тағылған жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты директоры атына шағым түсіріледі.
22. Шағым почтамен, электронды почтамен немесе Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы басқармасы арқылы тікелей қабылданады.
23. Қабылданған шағым жеке адамдар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағым заңда бекітілген мерзімде қаралады. Қаралған шағым нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде почтамен немесе электронды почтамен хабарланады.
№ 1 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
Сұрау салуды ресімдеуге қажетті құжаттардың
ТІЗБЕСІ
- Өтініш
- Куәлік көшірмесі
- Еңбек кітапшасының көшірмесі
- Нотариус растаған сенімхат
(егер сұрау салу басқа адам арқылы ресімделсе)
№ 2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Гагарин даңғылы 206, 17 пәтер тұрғыны
Иванова Мария Филипповнадан
Телефон:2492186
Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Баспасында 1978 ж. қаңтарынан 1983 ж. қыркүйегіне дейін 5 санаттағы теруші ретінде жұмыс істеген кездегі еңбек өтілім туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.
(1980 ж. дейін фамилиям Кравцова болды)
22 қаңтар 2008 ж.
№ 3 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Гагарин даңғылы 206-д 17 пәтер тұрғыны
Павл Иванович Филиппенкодан
Телефон:2492186
Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Автогаражында 1980 жылдан 1985 жылға дейінгі жүргізуші ретінде жұмыс істеген кездегі еңбек ақы туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.
22 қаңтар 2008 ж.
Филиппенко
№ 4 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Жамбыл қ. Абай көшесі 6, 52 пәтер тұрғыны
Құнғожаева Роза Маратқызынан
Телефон:181456
Өтініш
Менің Қазақстан Компартиясы ОК Баспасында 1965 ж. қаңтарынан 1983 ж. қыркүйегіне дейін директор орынбасары қызметінде істеген әкем Ахметов Марат Әлиұлы туралы өмірбаяндық анықтама беруіңізді сұраймын.
20 сәуір 2008 ж.
Құнхожаева
№ 5 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Жароков 66 көшесінің тұрғыны
Петров Василий Макаровичтан
Телефон:248592
Өтініш
ҚР Президентінің 1994 ж. 21 қыркүйектегі «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін атқарған шұғыл қызмет әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 1994 ж. қазан-желтоқсан айларында азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының көшірмесін беруіңізді сұраймын.
20 ақпан 2008 ж.
Петров
№ 8 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Зеленая 25 көшесінің тұрғыны
Шмитке Ирина Эрнестовнадан
Телефон:2747785
Өтініш
Менің Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын оқып бітіріп, диплом алғанымды растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.
10 ақпан 2008 ж.
Шмитке
№ 7 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Достық 185-16 даңғылының тұрғыны
Сабырбаев Самат Жәнібекұлынан
Телефон:2646839
Өтініш
Менің 1991 ж. мамыр айында Қазақстан ЛКЖО ОК-ң Құрмет грамотасымен марапатталғанымды растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.
10 қазан 2008 ж.
Сабырбаев
№ 6 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Бишкек қ. Строительная 26 көшесінің тұрғыны
Ахметов Талғат Смаилұлынан
Телефон:445036
Өтініш
Алматы қ. Калинин ауданының Бостандық ауданы болып қайта аталғаны туралы мұрағаттық анықтама беруіңізді сұраймын.
16 мамыр 2008 ж.
Ахметов
№ 9 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҮЛГІ
ҚР Президенті Мұрағатының директоры
Б. Ә. Жапаров мырзаға
Алматы қ. Жандосов 42 көшесінің 36 пәтер тұрғыны
Рысқұлова Мадина Әлиқызынан
Телефон:445036
Өтініш
Менің КОКП мүшелігіндегі есепке алу карточкамды беруіңізді сұраймын. Қазақстан Компартиясының Әуезов аудандық комитетінде 1980 жылдан есепке алынғанмын.
16 мамыр 2008 ж.
Рысқұлова
№ 10 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
Талон № _______________________________________________
Өтініш берілген күні және уақыты ____________________________
өтініш берушінің аты-жөні __________________________________
Өтінішті қабылдаған жұмысшының аты-жөні ___________________
Сұрау салудың орындалу мерзімі _____________________________
Мұрағаттың анықтама столының телефоны 264-68-62
№ 11 қосымша
Сапа және қол жетім-ділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің мөлшерлік мағы-насы | Көрсеткіштің жыл сайынғы мақсат-тық мағынасы | Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдық мағына-сы
|
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылығы | |||
1.1. Көрсетілетін қыз-меттің құжат тап-сырылған сәттен бас-тап белгіленген мер-зімде ұсынылу жағ-дайларының % (үлесі)
|
95
|
95% | 90% |
1.2. Кезекте 40 минут-тан аспаған уақытта қанағаттандырылуды күтетін тұтынушы-лардың % (үлесі)
|
95% | 95% | 90% |
2. Сапасы | |||
2.1. Қызмет көрсету барысының сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
95% | 95% | 90% |
2.2. Лауазымды тұлға-ның құжаттарды дұрыс ресімдеу жағ-дайларының % (үлесі) (құрастырылған есеп-теу, есеп айыру)
|
95% | 95% | 90% |
3. Қол жетімділігі | |||
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызметтің ұсынылу тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
95% | 95% | 90% |
3.2. Тұтынушылардың құжатты дұрыс тол-тырған және бірден тапсырған жағдайлар-дың % (үлесі)
|
95% | 95% | 90% |
3.3. Интернет арқылы алынатын ақпараттың қызмет % (үлесі)
|
|||
4. Шағымдану барысы |
|||
4.1. Қызметтің осы түрін тұтынушылар-дың жалпы саны бойынша негізді шағымдардың % (үлесі)
|
01,% | 0,1% | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралып, қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі)
|
95% | 95% | |
4.3. Осы шағымдану тәртібіне қанағаттан-ған тұтынушылардың % (үлесі)
|
95% | 95% | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттан-ған тұтынушылардың % (үлесі)
|
95% | 90% | |
5. Сыпайылық | |||
5.1. Жұмысшының сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
90 % | 90 % |